О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра финансов Республики Казахстан от 13 апреля 2022 года № 405 «Об утверждении Правил реализации пилотного проекта по совершенствованию администрирования прослеживаемых на территории Республики Казахстан социально значимых продовольственных товаров и (или) каменного угля на основании информационной системы электронных счетов-фактур»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра финансов Республики Казахстан от 13 апреля 2022 года № 405 «Об утверждении Правил реализации пилотного проекта по совершенствованию администрирования прослеживаемых на территории Республики Казахстан социально значимых продовольственных товаров и (или) каменного угля на основании информационной системы электронных счетов-фактур»
- Атауы (қаз.)
- «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын және (немесе) тас көмірді әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 405 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 831
- Қабылданған күні
- 16.08.2022
- Көрсетілген редакция
- 16.08.2022 170712_587677.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200029151
- ЭКБ идентификаторы
- 170712
- Редакция идентификаторы
- 170712_587677
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 00:37
0
«Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын және (немесе) тас көмірді әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 405 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын және (немесе) тас көмірді әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 405 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27586 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тас көмірді және астықты әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тас көмірді және астықты әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын және (немесе) тас көмірді әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тас көмірді және астықты әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тас көмірді және астықты әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес әзірленді және электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тас көмірді және астықты (бұдан әрі – тауарлар) әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.»;
2-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) импорттаушы – Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттердің аумағынан және ЕАЭО мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелумен айналысатын заңды тұлға, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) өнім беруші – тауарларды жеткізуші дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға және заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда);»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Өндірушілер, импорттаушылар, жер қойнауын пайдаланушылар, жеткізушілер міндетті:
1) Салық кодексінің 412-бабына және «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын және (немесе) тас көмірді әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18583 болып тіркелген) бекітілген Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысандағы шот-фактураларды жазып беру қағидалары және оның нысандарына сәйкес заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған (өндірілген) немесе импортталған тауарларды өткізу кезінде ЗШФ жазып беруге;
2) Салық кодексінің 166-бабы 2-тармағының 5) және 9) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, Салық кодексінің 166-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тауарларды өткізгені үшін ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде бақылау-касса машинасының чегін беруге міндетті.».
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі