О внесении изменения в приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра финансов Республики Казахстан от 13 апреля 2022 года № 405 «Об утверждении Правил реализации пилотного проекта по совершенствованию администрирования прослеживаемых на территории Республики Казахстан социально значимых продовольственных товаров, каменного угля и зерна на основании информационной системы электронных счетов-фактур»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра финансов Республики Казахстан от 13 апреля 2022 года № 405 «Об утверждении Правил реализации пилотного проекта по совершенствованию администрирования прослеживаемых на территории Республики Казахстан социально значимых продовольственных товаров, каменного угля и зерна на основании информационной системы электронных счетов-фактур»
- Атауы (қаз.)
- «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тас көмірді және астықты әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 405 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 20
- Қабылданған күні
- 11.01.2023
- Көрсетілген редакция
- 11.01.2023 177642_613977.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.01.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300031683
- ЭКБ идентификаторы
- 177642
- Редакция идентификаторы
- 177642_613977
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:42
0 «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тас көмірді және астықты әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің
2022 жылғы 13 сәуірдегі № 405 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тас көмірді және астықты әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 405 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27586 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
«КЕЛІСІМДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігi