О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов Республики Казахстан от 13 апреля 2022 года № 405 «Об утверждении Правил реализации пилотного проекта по совершенствованию администрирования прослеживаемых на территории Республики Казахстан социально значимых продовольственных товаров, каменного угля и зерна на основании информационной системы электронных счетов-фактур»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов Республики Казахстан от 13 апреля 2022 года № 405 «Об утверждении Правил реализации пилотного проекта по совершенствованию администрирования прослеживаемых на территории Республики Казахстан социально значимых продовольственных товаров, каменного угля и зерна на основании информационной системы электронных счетов-фактур»
- Атауы (қаз.)
- «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тас көмірді және астықты әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 405 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1294
- Қабылданған күні
- 15.12.2023
- Көрсетілген редакция
- 15.12.2023 190293_679639.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300033782
- ЭКБ идентификаторы
- 190293
- Редакция идентификаторы
- 190293_679639
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 14:50
0
«Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тас көмірді және астықты әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 405 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тас көмірді және астықты әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 405 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27586 болып тіркелген) мынадай өзгерістер еңгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тас көмірді және астықты әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары – олардың есебінен адамның физиологиялық қажеттіліктері қанағаттандырылатын азық-түлік тауарларының тізбесі, «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 11 мамырдағы №166-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32474 болып тіркелген);».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Казақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция
министрлігі