Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 13 мая 2022 года № ҚР ДСМ-43 «Об утверждении правил проведения мониторинга договорных обязательств по качеству и объему медицинских услуг субъектов здравоохранения в рамках дополнительного объема медицинской помощи лицам, содержащимся в следственных изоляторах и учреждениях уголовно-исполнительной (пенитенциарной) системы»

Бұйрық · № 33 · қабылданған 26.06.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2022-no-43/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 13 мая 2022 года № ҚР ДСМ-43 «Об утверждении правил проведения мониторинга договорных обязательств по качеству и объему медицинских услуг субъектов здравоохранения в рамках дополнительного объема медицинской помощи лицам, содержащимся в следственных изоляторах и учреждениях уголовно-исполнительной (пенитенциарной) системы» Қолданыста Бұйрық ·№ 33 ·26.06.2024
26.06.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 13 мая 2022 года № ҚР ДСМ-43 «Об утверждении правил проведения мониторинга договорных обязательств по качеству и объему медицинских услуг субъектов здравоохранения в рамках дополнительного объема медицинской помощи лицам, содержащимся в следственных изоляторах и учреждениях уголовно-исполнительной (пенитенциарной) системы»

Қолданыста Бұйрық ·№ 33 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 13 мая 2022 года № ҚР ДСМ-43 «Об утверждении правил проведения мониторинга договорных обязательств по качеству и объему медицинских услуг субъектов здравоохранения в рамках дополнительного объема медицинской помощи лицам, содержащимся в следственных изоляторах и учреждениях уголовно-исполнительной (пенитенциарной) системы»
Атауы (қаз.)
«Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде денсаулық сақтау субъектілері көрсететін қызметтерге ақы төлеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі жөніндегі шарттық міндеттемелерге мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 13 мамырдағы № ҚР ДСМ-43 бұйрығына өзгерістер енгі
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
33
Қабылданған күні
26.06.2024
Көрсетілген редакция
26.06.2024 198170_708967.kaz
Соңғы өзгеріс
26.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034607
ЭКБ идентификаторы
198170
Редакция идентификаторы
198170_708967
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:51

0

«Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде денсаулық сақтау субъектілері көрсететін қызметтерге ақы төлеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі жөніндегі шарттық міндеттемелерге мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 13 мамырдағы № ҚР ДСМ-43 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде денсаулық сақтау субъектілері көрсететін қызметтерге ақы төлеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі жөніндегі шарттық міндеттемелерге мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 13 мамырдағы №ҚР ДСМ-43 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №28054 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа қосымшамен бекітілген Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде денсаулық сақтау субъектілері көрсететін қызметтерге ақы төлеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі жөніндегі шарттық міндеттемелерге мониторинг жүргізу қағидаларында:
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мониторингті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, соның ішінде «Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандарды тарту қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-103/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21218 болып тіркелген) (бұдан әрі – Тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандарды тарту қағидалары) сәйкес тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандарды тарту арқылы жүргізіледі.
7. Кодекстің 273 бабының 2 тармағына сәйкес, тәуелсіз сарапшылар және (немесе) тарту кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мен тәуелсіз сарапшы арасында мониторинг жүргізу кезінде өздеріне мәлім болған медицина қызметкерінің құпиясын құрайтын дербес медициналық деректерді үшінші тұлғаларға жария етпеу туралы келісімге қол қойылады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Мониторинг жүргізу үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мынадай жағдайларда Тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандарды тарту қағидаларына сәкес тәуелсіз сарапшыларды және (немесе) бейінді мамандарды:
1) өлім жағдайларын, емделген жағдайларды қарау кезінде медициналық көмектің сапасын растау;
2) көрсетілген медициналық қызметтерге жоспарлы, проактивті, нысаналы мониторингтер жүргізу арқылы;
3) азаматтық процестің тарабы ретінде қатысу арқылы жүзеге асыру үшін тартады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы