Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 13 октября 2022 года № 911 «Об утверждении Правил организации воспитательной, социально-правовой, психологической и идеологической работы с личным составом Вооруженных Сил Республики Казахстан»

Бұйрық · № 834 · қабылданған 27.07.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2022-no-911-ekb-228276/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 13 октября 2022 года № 911 «Об утверждении Правил организации воспитательной, социально-правовой, психологической и идеологической работы с личным составом Вооруженных Сил Республики Казахстан» Күшіне енбеген 27.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 13 октября 2022 года № 911 «Об утверждении Правил организации воспитательной, социально-правовой, психологической и идеологической работы с личным составом Вооруженных Сил Республики Казахстан»

Күшіне енбеген Бұйрық № 834 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 13 октября 2022 года № 911 «Об утверждении Правил организации воспитательной, социально-правовой, психологической и идеологической работы с личным составом Вооруженных Сил Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 13 қазандағы № 911 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
834
Қабылданған күні
27.07.2026
Қолданысқа енгізілген күні
11.08.2026
Көрсетілген редакция
27.07.2026 I228276_0.kaz
Соңғы өзгеріс
27.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039426
ЭКБ идентификаторы
228276
Редакция идентификаторы
I228276_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:30
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 13 қазандағы № 911 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 13 қазандағы № 911 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30165 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларында:
52-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет саясатын, этносаралық және конфессияаралық келісім негіздерін, құрылымды бұзатын және радикалды идеология мәнін түсіндіру мақсатында діни тұрғыдан сауаттандыру;»;
88-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) моральдық-психологиялық ахуалды оңтайландыруды, қызметтік ұжымда достық, жолдастық, өзара көмек атмосферасын, әрбір әскери қызметшінің абыройы және ар-намысын құрметтеуді қолдауды;»;
117-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әскери бөлімдер мен мекемелерде жеке құраммен тәрбие, әлеуеметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу, мемлекет идеологиясын, ел басшылығы қабылдайтын қорғаныс қабілетін нығайту, этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету жөніндегі шараларды түсіндіру;».

2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.