О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 13 октября 2023 года № 153 «Об утверждении стандарта оказания специальных социальных услуг в области здравоохранения»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 13 октября 2023 года № 153 «Об утверждении стандарта оказания специальных социальных услуг в области здравоохранения»
- Атауы (қаз.)
- «Денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 13 қазандағы № 153 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 28
- Қабылданған күні
- 24.06.2024
- Көрсетілген редакция
- 24.06.2024 198023_734053.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.06.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034568
- ЭКБ идентификаторы
- 198023
- Редакция идентификаторы
- 198023_734053
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:55
0 «Денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 13 қазандағы № 153 бұйрығына өзгеріс
енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 13 қазандағы № 153 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33545 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартында:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілер - арнаулы әлеуметтік көрсетілетін кызметтерді ұсынуға арналған лицензия негізінде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыспен қамтылған жеке және (немесе) заңды тұлғалар;».
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі