Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение Абайского районного маслихата от 13 апреля 2023 года № 2/15 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Абайском районе»

Өзге акт · № 23/217 · қабылданған 12.09.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2023-no-215/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменения в решение Абайского районного маслихата от 13 апреля 2023 года № 2/15 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Абайском районе» Қолданыста Өзге акт ·№ 23/217 ·12.09.2024
12.09.2024 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение Абайского районного маслихата от 13 апреля 2023 года № 2/15 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Абайском районе»

Қолданыста Өзге акт ·№ 23/217 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение Абайского районного маслихата от 13 апреля 2023 года № 2/15 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Абайском районе»
Атауы (қаз.)
Абай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 2/15 «Абай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
23/217
Қабылданған күні
12.09.2024
Көрсетілген редакция
12.09.2024 200688_719381.kaz
Соңғы өзгеріс
12.09.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24KI665209
ЭКБ идентификаторы
200688
Редакция идентификаторы
200688_719381
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:41

0 Абай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 2/15 «Абай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Абай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 2/15 «Абай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6380-09 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Абай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Абай аудандық мәслихатының
2024 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 23/217
шешіміне қосымша
Абай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

1

1. Осы Абай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшері «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №84 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

2

2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді (бұдан әрі - оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) кемтар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан берілген анықтамасының негізінде «Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүргізеді.

3

3. Оқуға жұмсалған шығындарды өтеу (толық мемлекеттік қамсыздандырудағы мүгедектігі бар балалардан және өздеріне қатысты ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан, мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

4 4. Шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

5 5. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері мүгедектігі бар әрбір балаға тоқсанына жеті айлық есептік көрсеткішке тең.

6

6. Оқуға жұмсалған шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар туындаған кезде (он сегіз жасқа толу, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мемлекеттік мекемелерде оқу кезеңінде, мүмкіндіктері шектеулі баланың қайтыс болуы, Абай ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кету), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

7 7. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады, бұл ретте жеке басын сәйкестендіру үшін қандастармен жеке басын куәландыратын құжаттың орнына қандас куәлігі ұсынылады.

Қолданыстағы