О внесении изменений в постановление акимата Актюбинской области от 13 февраля 2023 года № 30 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дополнительное образование детей в пределах объемов бюджетных средств по Актюбинской области на 2023 год»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Актюбинской области от 13 февраля 2023 года № 30 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дополнительное образование детей в пределах объемов бюджетных средств по Актюбинской области на 2023 год»
- Атауы (қаз.)
- «Ақтөбе облысы бойынша 2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 13 ақпандағы № 30 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 320
- Қабылданған күні
- 21.11.2023
- Көрсетілген редакция
- 21.11.2023 188986_672570.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.11.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23C000320A
- ЭКБ идентификаторы
- 188986
- Редакция идентификаторы
- 188986_672570
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 15:34
0 «Ақтөбе облысы бойынша 2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 13 ақпандағы № 30 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Ақтөбе облысы бойынша 2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 13 ақпандағы № 30 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8311 тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ақтөбе облысы бойынша бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы»;
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысы бойынша бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.»;
көрсетілген қаулыға қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ақтөбе облысы бойынша бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы».
2 2. «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1
1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;