О внесении изменений в приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 13 февраля 2023 года № 34 «Об утверждении требований, предъявляемые к аккредитационому органу в сфере среднего, технического и профессионального, послесреднего образования и правил признания аккредитационных органов, в том числе зарубежных в сфере среднего, технического и профессионального, послесреднего образования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 13 февраля 2023 года № 34 «Об утверждении требований, предъявляемые к аккредитационому органу в сфере среднего, технического и профессионального, послесреднего образования и правил признания аккредитационных органов, в том числе зарубежных в сфере среднего, технического и профессионального, послесреднего образования»
- Атауы (қаз.)
- «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 13 ақпандағы № 34 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 85
- Қабылданған күні
- 24.04.2024
- Көрсетілген редакция
- 24.04.2024 196096_699297.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034305
- ЭКБ идентификаторы
- 196096
- Редакция идентификаторы
- 196096_699297
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:49
0
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 13 ақпандағы № 34 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 13 ақпандағы № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31902) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарында:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстандық аккредиттеу органдары үшін сараптамалық комиссияның құрамында кемінде бір шетелдік сарапшы, ал шетелдік аккредиттеу органдары үшін магистр (біреуден артық емес), PhD докторы немесе ғылым кандидаты, ғылым докторы немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі бар және (немесе) институционалдық және мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу саласында не аккредиттелетін орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы мамандарын даярлау бейіні бойынша жұмыс тәжірибесі бар кәсіптік қоғамдастықтың өкілдері болып табылатын кемінде бір қазақстандық сарапшының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы білім алушылар қатарынан өкілдерінің болуы.»;
осы бұйрықпен бекітілген Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларында:
2-тармақта:
1) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«1) аккредиттеу органы –аккредиттеу стандарттарының (регламенттерінің) негізінде білім беру ұйымдарын институционалдық және (немесе) мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеуді жүргізетін заңды тұлға;»;
5) және 6) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:
«5) институционалдық аккредиттеу – мәлімделген мәртебесіне және белгіленген аккредиттеу стандарттарына (регламенттеріне) сәйкес білім беру ұйымында сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесі процестерінің тиімділігін аккредиттеу органының бағалау рәсімі;
6) мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу – білім беру ұйымы іске асыратын жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау рәсімі;»;
3-тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«5) магистр (біреуден артық емес), PhD докторы немесе ғылым кандидаты, ғылым докторы немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі, институционалдық және мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу саласында немесе аккредиттелетін білім беру ұйымының мамандарды даярлау бейіні бойынша жұмыс тәжірибесі туралы ақпарат қамтылған аккредиттеу рәсіміне тартылатын сарапшылардың тізімі;».