Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 13 ноября 2023 года № 607 «Об утверждении Правил ведения реестра владельцев газонаполнительных станций, газонаполнительных пунктов, автогазозаправочных станций и промышленных потребителей - владельцев сосудов, работающих под давлением, использующих их для хранения сжиженного нефтяного газа»

Бұйрық · № 237 · қабылданған 20.06.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2023-no-607/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 13 ноября 2023 года № 607 «Об утверждении Правил ведения реестра владельцев газонаполнительных станций, газонаполнительных пунктов, автогазозаправочных станций и промышленных потребителей - владельцев сосудов, работающих под давлением, использующих их для хранения сжиженного нефтяного газа» Қолданыста Бұйрық ·№ 237 ·20.06.2024
20.06.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 13 ноября 2023 года № 607 «Об утверждении Правил ведения реестра владельцев газонаполнительных станций, газонаполнительных пунктов, автогазозаправочных станций и промышленных потребителей - владельцев сосудов, работающих под давлением, использующих их для хранения сжиженного нефтяного газа»

Қолданыста Бұйрық ·№ 237 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 13 ноября 2023 года № 607 «Об утверждении Правил ведения реестра владельцев газонаполнительных станций, газонаполнительных пунктов, автогазозаправочных станций и промышленных потребителей - владельцев сосудов, работающих под давлением, использующих их для хранения сжиженного нефтяного газа»
Атауы (қаз.)
«Газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың – қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын олардың иелерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 13 қарашадағы № 607 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
237
Қабылданған күні
20.06.2024
Көрсетілген редакция
20.06.2024 197940_706463.kaz
Соңғы өзгеріс
20.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034536
ЭКБ идентификаторы
197940
Редакция идентификаторы
197940_706463
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:57

0

«Газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың – қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын олардың иелерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 13 қарашадағы № 607 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың – қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын олардың иелерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 13 қарашадағы № 607 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33639 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 138-2) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың – қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын олардың иелерінің тізілімін жүргізу қағидаларында:
5 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тізілімді жүргізуді өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүзеге асырады.»;
7 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Тізілім осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың – қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын олардың иелерін тізілімге (нен) қосу (алу) туралы өтініште көрсетілген иелері ұсынған мәліметтер негізінде қалыптастырылады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Тізілімді қалыптастыру үшін иесі осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша объектінің орналасқан жері бойынша аумақтық бөлімшеге электрондық құжат немесе қағаз жеткізгішдегі құжат түрінде оларда көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып өтініш береді.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) қысыммен жұмыс істейтін, оларды сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын, техникалық сипаттамалары және қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою туралы толық ақпаратты қамтитын ыдыстың паспорты;
2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 454 бұйрығымен бекітілген Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24508 болып тіркелген) сәйкес жобалау құжаттамасын келісу хаты немесе объектінің жобалау құжаттамасын келісу туралы мәліметтерді не объектіні пайдалануға қабылдау актісін қамтитын құжат.
Ескерту:
2020 жылдан бастап «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» АЖ) арқылы көрсетілген өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлігінде жобалық құжаттама және (немесе) қысыммен жұмыс істейтін ыдысты есепке қою құжаттарының көшірмесін ұсынбауға болады.
«Е-лицензиялау» АЖ арқылы қысыммен жұмыс істейтін ыдысты есепке қойған және (немесе) жобалық құжатаманы келіскен жағдайда, берілген нөмірді көрсету қажет.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Өтініш қаралғаннан кейін аумақтық бөлімшелер 3 (үш) жұмыс күні ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәліметтерді ұсынады.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында 3 (үш) жұмыс күні ішінде тізілімді жариялайды.»;
көрсетілген Қағидаға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес осы бұйрықтың 3-қосымшасымен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурстарында жариялауды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы

1 Газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың – қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын олардың иелерінің тізілімі

Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2024 жылғы 20 маусымдағы
№ 237 Бұйрыққа
1-қосымша
Газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың – қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын олардың иелерінің тізілімін жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Ұсынылады: өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға.
Әкімшілік деректердің нысаны интернет - ресурста орналастырылған: www.gov.kz.
Газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың – қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын олардың иелерінің тізілімі
Индексі: ҚЖІЫИТ-4.
Кезеңділік: біржолғы.
Есепті кезең: « » 20 жыл.
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері.
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: аумақтық бөлімше өтінішті қарағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

п/п
Заң­ды неме­се же­ке тұл­ға­ның (ЖК) ата­уы
Кә­сіп­кер субъ­ек­ті­сі­нің сәй­кестен­ді­ру нө­ме­рі
Заң­ды неме­се же­ке тұл­ға­ның ме­кен­жайы, бас­шы­ның (ие­сі­нің) Т.А.Ә. (бар болған жағ­дай­да)
Объ­ек­ті­нің ата­уы
(тү­рі)
Қа­уіп­ті тех­ни­ка­лық құ­ры­л­ғы­ны сәй­кестен­ді­ру ерекше­лік­те­рі (қы­сым­мен жұ­мыс іс­тей­тін ыдыс, жұ­мыс ор­та­сы)
Объ­ек­ті­нің жал­пы си­патта­ма­сы (ыдыс­тар­дың са­ны және кө­ле­мі, за­уыт­тық нө­мі­рі, «Аза­мат­тық қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­ның 77-ба­бы­на сәй­кес есеп­тік нө­мі­рі мен кү­ні, объ­ек­ті­нің ор­на­лас­қан же­рі)
Аумақ­тың ата­уы
ӘА­ОЖ бой­ын­ша аумақ ко­ды
Бас­шы­ның Т.А. Ә (бар болған жағ­дай­да), те­ле­фо­ны және поч­та­лық ме­кен­жайы
ҚЖІЫ са­ны
Есеп­ке қою нө­мі­рі мен кү­ні
За­уыт­тық №
ҚЖІЫ кө­ле­мі, м3
Объ­ек­ті­нің ор­на­лас­қан же­рі
(нақ­ты ме­кен­жайы)
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
Мемлекеттік органның атауы _______________________________________
Мекенжайы ______________________________________________________
Телефоны ________________________________________________________
Электрондық почта мекенжайы _____________________________________
Орындаушы ___________________________________ __________________
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) қолы
Басшы немесе оның
міндетін атқарушы тұлға ___________________________ _______________
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) қолы

9 Тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелері және өнеркәсіптік тұтынушылары туралы мәліметтерді толтыру бойынша түсініктеме

Газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың – қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын олардың иелерінің тізіліміне қосымша
Тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелері және өнеркәсіптік тұтынушылары туралы мәліметтерді толтыру бойынша түсініктеме
Ескертпе: тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын сатып алатын газ толтыру станцияларының, газ толтыру пункттерінің, автогаз құю станцияларының және өнеркәсіп тұтынушыларының иелері туралы мәліметтерді толтыру бойынша түсініктеме.
Нысан келесідей толтырылады:
1-бағанда тиісті мәліметтермен толтырылатын жолда реттік нөмірі көрсетіледі;
2-бағанда мемлекеттік тіркеу туралы анықтамаға сәйкес не дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәлікке сәйкес газ толтыру станцияларының, газ толтыру пункттерінің, автогаз құю станцияларының және өнеркәсіптік тұтынушылардың атауы көрсетіледі;
3-бағанда газ толтыру станцияларының, газ толтыру пункттерінің, автогаз құю станцияларының және өнеркәсіптік тұтынушылардың бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе кәсіпкердің сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
4-бағанда заңды немесе жеке тұлғаның мекенжайы, оның ішінде ҚР ҰК 11-2021 әкімшілік-аумақтық объектілерінің жіктеуішіне сәйкес аумақтың коды және басшының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), телефоны және почта мекенжайы (сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар иесінің) көрсетіледі;
5-бағанда сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелері (газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары және өнеркәсіптік тұтынушылар) объектісінің атауы көрсетіледі;
6-бағанда қауіпті техникалық құрылғыны сәйкестендіру ерекшеліктері (қысыммен жұмыс істейтін ыдыс, жұмыс ортасы) және паспорттық деректерге сәйкес жұмыс ортасы көрсетіледі;
7-бағанда «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабына сәйкес есепке қоюған күні мен тіркеу нөмірі, саны, көлемі, зауыттық нөмірі және қысыммен жұмыс істейтін ыдыс нақты орналасқан жерінің мекенжайы (әрбір қысыммен жұмыс істейтін ыдыс туралы ақпарат жеке жолдар бойынша жеке толтырылады) туралы ақпаратты қамтитын объектінің жалпы сипаттамасы көрсетіледі.

2 Газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың – қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын олардың иелерін тізілімге (нен) қосу (алу) туралы өтініші

Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2024 жылғы 20 маусымдағы
№ 237 Бұйрыққа
2-қосымша
Газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың – қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын олардың иелерінің тізілімін жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Ұсынылады: өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне.
Әкімшілік деректерге арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz.
Газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың – қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын олардың иелерін тізілімге (нен) қосу (алу) туралы өтініші
Индексі: ҚЖІЫИТ-4.
Кезеңділік: біржолғы.
Есепті кезең: « » 20 жыл.
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: Газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелері және өнеркәсіптік тұтынушылар.
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде, объектінің орналасқан жері бойынша газ алуға мүдделілік пен қажеттілік кезінде.
____________________________________________________________________
Заңды немесе жеке тұлғаның атауы (ЖК), БСН/ЖК СН, басшының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда),
телефоны және почта мекенжайы
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2-2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Сізден газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың – қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын олардың иелерінің тізіліміне (нен) мына (ларды) объектіні (лерді) қосуды (алып тастауды) сұрайды:
таңдау үшін міндетті:
[ ] қосу
[ ] алып тастау
1. _______________________________________________________________________
объектінің түрі (газ толтыру станциясы, газ толтыру пункті, автогаз құю станциясы, өнеркәсіптік
тұтынушы), объектінің нақты орналасқан мекенжайы, ҚР ҰК 11-2021 Әкімшілік-аумақтық
объектілерінің жіктеуішіне сәйкес аумақтың коды (ӘАОЖ бойынша коды)
2. _______________________________________________________________________
объектінің жалпы сипаттамасы: ыдыстардың саны мен көлемі (м3), зауыттық нөмір (дайындаушы
зауыт бекіткен «Машиналар мен аспаптарға арналған тікбұрышты тақтайшалар» МЕМСТ 12971 сәйкес
орындалған тақтайшада көрсетілген), «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының
Заңының 77-бабына сәйкес есепке қою нөмірі мен күні, техникалық куәландыруды жүргізу туралы
мәліметтер, сұйытылған мұнай газын сақтайтын резервуарлық парктің көлемі, қысыммен жұмыс
істейтін ыдыстардың нақты орналасқан жері – ретімен тізімделсін
3. _______________________________________________________________________
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 78-бабына сәйкес объектінің
жобалау құжаттамасын аумақтық бөлімшемен келісу немесе Қазақстан Республикасының сәулет,
қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес объектіні пайдалануға
қабылдау актісі туралы мәліметтер
Осы арқылы _____________________________________________________,
өтініш беруші
заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін және мыналарды:
1) ұсынылған ақпараттың дұрыстығын, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес дәйексіз мәліметтерді ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы хабардар екенін;
2) тұлғаға қатысты тарату, оңалту немесе банкроттық рәсімдері басталмағанын, сондай-ақ оның қызметі Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тоқтатылмағандығын растаймын.
Лауазымы
(қол және мөр қою орны)
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

11 Тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелері және өнеркәсіптік тұтынушылары туралы мәліметтерді толтыру бойынша түсініктеме

Газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың – қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын олардың иелерін тізілімге (нен) қосу (алу) туралы өтінішке қосымша
Тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелері және өнеркәсіптік тұтынушылары туралы мәліметтерді толтыру бойынша түсініктеме
Нысан келесі түрде толтырылады:
1-тармақта объектінің түрі (газ толтыру станциясы, газ толтыру пункті, автогаз құю станциясы, өнеркәсіптік тұтынушы), объектінің нақты орналасқан мекенжайы, ҚР ҰК 11-2021 Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші (ӘАОЖ бойынша коды) бойынша көрсетіледі;
2-тармақта объектінің жалпы сипаттамасы көрсетіледі: ыдыстардың саны мен көлемі (м3), зауыттық нөмір (дайындаушы зауыт бекіткен «Машиналар мен аспаптарға арналған тікбұрышты тақтайшалар» МЕМСТ 12971 сәйкес орындалған тақтайшада көрсетілген), «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 77-бабына сәйкес есептік нөмірі мен күні, техникалық куәландыруды жүргізу туралы мәліметтер, сұйытылған мұнай газын сақтайтын резервуарлық парктің көлемі, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың нақты орналасқан жері – ретімен тізімделсін;
3-тармақта «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 78-бабына сәйкес объектінің жобалау құжаттамасын аумақтық бөлімшемен келісу немесе Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес объектіні пайдалануға қабылдау актісі туралы мәліметтер көрсетіледі.

3 Газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың – қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын олардың иелерінің тізілімі

Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2024 жылғы 20 маусымдағы
№ 237 Бұйрыққа
3-қосымша
Газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың – қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын олардың иелерінің тізілімін жүргізу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың – қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын олардың иелерінің тізілімі

п/п
Заң­ды неме­се же­ке тұл­ға­ның (ЖК) ата­уы
Кә­сіп­кер субъ­ек­ті­сі­нің сәй­кестен­ді­ру нө­ме­рі
Заң­ды неме­се же­ке тұл­ға­ның ме­кен­жайы, бас­шы­ның (ие­сі­нің) Т.А.Ә. (бар болған жағ­дай­да)
Объ­ек­ті­нің ата­уы
(тү­рі)
Қа­уіп­ті тех­ни­ка­лық құ­ры­л­ғы­ны сәй­кестен­ді­ру ерекше­лік­те­рі (қы­сым­мен жұ­мыс іс­тей­тін ыдыс, жұ­мыс ор­та­сы)
Объ­ек­ті­нің жал­пы си­патта­ма­сы (ыдыс­тар­дың са­ны және кө­ле­мі, за­уыт­тық нө­мі­рі, «Аза­мат­тық қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­ның 77-ба­бы­на сәй­кес есеп­тік нө­мі­рі мен кү­ні, объ­ек­ті­нің ор­на­лас­қан же­рі)
Аумақ­тың ата­уы
ӘА­ОЖ бой­ын­ша аумақ ко­ды
Бас­шы­ның Т.А. Ә (бар болған жағ­дай­да)
ҚЖІЫ са­ны
Есеп­ке қою нө­мі­рі мен кү­ні
За­уыт­тық №
ҚЖІЫ кө­ле­мі, м3
Объ­ек­ті­нің ор­на­лас­қан же­рі
(нақ­ты ме­кен­жайы)
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.

Қолданыстағы