О внесении изменений в решение Акжаикского районного маслихата от 13 октября 2023 года № 7-6 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Акжаикского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Акжаикского районного маслихата от 13 октября 2023 года № 7-6 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Акжаикского района»
- Атауы (қаз.)
- Ақжайық аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы № 7-6 «Ақжайық ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 12-5
- Қабылданған күні
- 27.12.2023
- Көрсетілген редакция
- 27.12.2023 191031_675345.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23ZB731807
- ЭКБ идентификаторы
- 191031
- Редакция идентификаторы
- 191031_675345
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:59
0 Ақжайық аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы № 7-6 «Ақжайық ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақжайық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Ақжайық аудандық мәслихатының «Ақжайық ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 13 қазандағы № 7-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7266-07 болып тіркелді) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Ақжайық ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
6 – тармағының 34) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«34. Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған адамдарға бір рет 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде.»;
7 – тармағының 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«1 ауруын дәлелдейтін анықтамаға сәйкес емделудің амбулаторлық кезеңіндегі туберкулезбен ауыратын тұлғаларға табыстарын есепке алмай, 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ай сайын;»;