Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Экибастузского городского маслихата от 13 октября 2023 года № 80/8 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Экибастуза»

Ереже · № 153/18 · қабылданған 29.04.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2023-no-808-ekb-196574/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Экибастузского городского маслихата от 13 октября 2023 года № 80/8 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Экибастуза» Қолданыста Ереже ·№ 153/18 ·29.04.2024
29.04.2024 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Экибастузского городского маслихата от 13 октября 2023 года № 80/8 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Экибастуза»

Қолданыста Ереже ·№ 153/18 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Экибастузского городского маслихата от 13 октября 2023 года № 80/8 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Экибастуза»
Атауы (қаз.)
Екібастұз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы № 80/8 «Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
153/18
Қабылданған күні
29.04.2024
Көрсетілген редакция
29.04.2024 196574_699022.kaz
Соңғы өзгеріс
29.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24PC753814
ЭКБ идентификаторы
196574
Редакция идентификаторы
196574_699022
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:45

0 Екібастұз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы № 80/8 «Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Екібастұз қалалық мәслихатының «Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 13 қазандағы № 80/8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7405-14 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімге қосымшаның 2-тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
7-тармақтың 2) тармақшасының жеті абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«2) Екібастұз қаласының емханалары ұсынатын тізімдер негізінде «I типті, II типті қант диабеті, атап айтқанда инсулинге қажеттілік нысаны» ауруымен зардап шегетін адамдарға - табысын ескермей бір рет 10 (он) АЕК мөлшерінде;»;
7-тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«6) Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатқа қоса «Ардагерлер туралы» Заңның 5 – бабының 1) тармақшасының тоғыз абзацында, 6 - бабының 2) тармақшасының екі, алты абзацтарында, 8-бабының 3) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін сауықтыруға -табысын ескермей бір рет 50 (елу) АЕК мөлшерінде;»;
7-тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«7) Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатқа қоса тісті протездеуді алғандығын дәлелдейтін құжаттарын (орындалған жұмыстар акті, шот фактура) бере отырып өтініш негізінде «Ардагерлер туралы» Заңның 5 - бабының 1) тармақшасының тоғыз абзацында, 6-бабының 2) тармақшасының екі, алты абзацтарында, 8-бабының 3) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін тіс протездеуге-табысын ескермей бір рет 25 (жиырма бес) АЕК мөлшерінде;»;
7-тармақтың 16) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«16) Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатқа қоса (жылына бір рет) өтініш негізінде - «Ардагерлер туралы» Заңның 5-бабының, 1) тармақшасының жеті, сегіз, тоғыз абзацтарында, 6-бабының 2) тармақшасының екі, үш, алты абзацтарында, 8-бабының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін коммуналдық қызметтерге тоқсан сайын 10 (он) АЕК мөлшерінде.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

Қолданыстағы