Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в приказ Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 13 сентября 2024 года № 157 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Комитет по регулированию игорного бизнеса и лотереи Министерства туризма и спорта Республики Казахстан»

Бұйрық · № 148 · қабылданған 30.07.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2024-no-157-ekb-212395/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в приказ Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 13 сентября 2024 года № 157 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Комитет по регулированию игорного бизнеса и лотереи Министерства туризма и спорта Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 148 ·30.07.2025
30.07.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в приказ Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 13 сентября 2024 года № 157 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Комитет по регулированию игорного бизнеса и лотереи Министерства туризма и спорта Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 148 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в приказ Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 13 сентября 2024 года № 157 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Комитет по регулированию игорного бизнеса и лотереи Министерства туризма и спорта Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 13 қыркүйектегі № 157 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
148
Қабылданған күні
30.07.2025
Қолданысқа енгізілген күні
30.07.2025
Көрсетілген редакция
30.07.2025 212395_776020.kaz
Соңғы өзгеріс
30.07.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25TS000148
ЭКБ идентификаторы
212395
Редакция идентификаторы
212395_776020
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:59

0 «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 13 қыркүйектегі № 157 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 13 қыркүйектегі № 157 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
15-тармақ:
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) цифрлық трансформациялауды жүргізу;»;
мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:
«28-1) ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі салаларындағы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;»;
19-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-1) Министрліктің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын тағайындайды;
8-2) цифрлық трансформациялауды жүргізуді ұйымдастырады және дербес деректерді қорғауды қамтамасыз етеді;»;
5-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«5 тарау. Комитетті қайта құру және тарату
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1. «Бірыңғай есепке алу жүйесінің операторы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің ойын бизнесі мен лотереясын реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін электрондық нысанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберу;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;

3 3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдау.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қолданыстағы