О внесении изменений в решение Жезказганского городского маслихата от 13 февраля 2024 года № 15/82 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Жезказган»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Жезказганского городского маслихата от 13 февраля 2024 года № 15/82 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Жезказган»
- Атауы (қаз.)
- «Жезқазған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 13 ақпандағы № 15/82 «Жезқазған қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 47/267
- Қабылданған күні
- 11.09.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 26.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 11.09.2026 I229974_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26HA47267M
- ЭКБ идентификаторы
- 229974
- Редакция идентификаторы
- I229974_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 17.09.2026 03:31
0 «Жезқазған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 13 ақпандағы №15/82
«Жезқазған қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»
Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жезқазған қалалық мәслихатының «Жезқазған қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 13 ақпандағы №15/82 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №92-20 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген шешімнің 1 қосымшасының 6-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«6. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың келесі жекелеген санаттарына бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл көрсетіледі:
1) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шегу себеппен азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуіне – бір рет жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімі - жағдай туындаған сәттен бастап үш айдан кешіктірмей.
Дүлей апат немесе өрт салдарынан мүлкіне залал келген болса, әлеуметтік көмек залал келген мүлік орналасқан жер бойынша меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі;
2) әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын және диспансерлік есепте тұрған адамдарға, табыс деңгейіне қарамастан, күнтізбелік жыл ішінде бір рет келесі жағдайларда 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай төлем беріледі:
қатерлі ісіктер – стационарлық емдеуден өткеннен кейін, сондай-ақ аурудың IV сатысында (паллиативтік немесе симптоматикалық ем алуға жататын қатерлі ісіктердің таралған түрлері бар пациенттерге);
туберкулез – пациент амбулаториялық емдеу кезеңінде болған кезде, дәрігерлік-консультативтік комиссияның (ДКК) қорытындысы негізінде;
адамның иммун тапшылығы вирусы (АИВТ) тудыратын ауруы;
созылмалы вирусты гепатиттер және бауыр циррозы ауруы;
психикалық және мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары);
жіті миокард инфаркті (алғашқы 6 айда);
орфандық аурулар;
нерв жүйесінің дегенеративті аурулары;
орталық нерв жүйесінің демиелиндену аурулары;
эпилепсия;
ми тамырларының аурулары (инсульттер) (бір жыл ішінде).»;
1) көрсетілген шешімнің 1 қосымшасының 11-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«11. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан (немесе Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша өкілі) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне немесе мемлекеттік корпорацияға осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен немесе осы Үлгілік қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша порталға электрондық түрдегі өтінішпен жүгінеді.
Жазбаша өтініш берген кезде құжаттарды қабылдайтын маман «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – АЖ) осы Үлгілік қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сұрау салулар қалыптастырады.
АЖ-да мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) кезде өтініш беруші өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:
1) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
2) адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер (адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамай тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды);
3) мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің болу фактісін растайтын төменде санамаланған құжаттардың бірі:
дүлей зілзала салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;
өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;
әлеуметтік мәні бар сырқатының болу фактісін растайтын құжат.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың төлнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.
Өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде осы Үлгілік қағидаларға 1-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.
Өтініш беруші әлеуметтік көмекке портал арқылы электрондық түрде жүгінген кезде мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-на қажетті мәліметтерді алу үшін өтініш берушінің өзі сұрау салады.
Бұл ретте мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-нан келіп түскен электрондық өтініш пен мәліметтерді өтініш беруші өзінің ЭЦҚ-мен куәландырады.».