Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан от 13 августа 2025 года № 197-НҚ «Об утверждении Правил предоставления в имущественный наем (аренду) или доверительное управление водохозяйственных сооружений, находящихся в государственной собственности»

Бұйрық · № 234-НҚ · қабылданған 29.07.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2025-no-197/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан от 13 августа 2025 года № 197-НҚ «Об утверждении Правил предоставления в имущественный наем (аренду) или доверительное управление водохозяйственных сооружений, находящихся в государственной собственности» Қолданыста 29.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ Министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан от 13 августа 2025 года № 197-НҚ «Об утверждении Правил предоставления в имущественный наем (аренду) или доверительное управление водохозяйственных сооружений, находящихся в государственной собственности»

Қолданыста Бұйрық № 234-НҚ 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан от 13 августа 2025 года № 197-НҚ «Об утверждении Правил предоставления в имущественный наем (аренду) или доверительное управление водохозяйственных сооружений, находящихся в государственной собственности»
Атауы (қаз.)
«Мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 197-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
234-НҚ
Қабылданған күні
29.07.2026
Қолданысқа енгізілген күні
04.08.2026
Көрсетілген редакция
29.07.2026 I228300_0.kaz
Соңғы өзгеріс
29.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039441
ЭКБ идентификаторы
228300
Редакция идентификаторы
I228300_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 03:30
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және

ирригация министрінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 197-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 13 тамыздаңы № 197-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36628 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларына:
1-қосымшасының 2-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалады;
2-қосымшасының 2-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалады;
3-қосымшасының 11-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалады;
3-қосымшасының 13-тармақ келесі мазмұнда жазылсын:
«13. Ай сайынғы жалға ақысы, жалдауға (жалға) алушы тарапынан жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қолма-қол бақылау шотына немесе мынадай бюджеттік сыныптамалар кодтарының біріне аударылады: 201501 - республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер; 201504 - облыстың коммуналдық меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер; 201506 - астана, облыс, республикалық маңызы бар қаланың коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер; 201508 - ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер (қалалық, ауылдық округ, ауыл, кент әкімдерінің басқаруындағы мүлікті жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда); 201___ - аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер. Бенефициардың БИК _______, ИИК _______, бенефициар банкі: _____________.
Жалдауға (жалға) алушы жалға алу төлемін төлеу туралы төлем тапсырмасына немесе түбіртекте «төлем тағайындауы» жолында:
жалдауға (жалға) алушының жеке сәйкестендіру нөмірін немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірін;
мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы тағайындаған шарт идентификаторын енгізеді;
Төлем мөлшерлері орталықтан белгіленетін баға мен тарифтер өзгерген жағдайларда тараптардың бірінің талабы бойынша қайта қаралуы мүмкін.
Мүлікті пайдалану үшін төлем мөлшерлері, егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, жылына бір реттен жиі өзгертілмеуі тиіс.»;
3-қосымшасының 18-тармақтың 5) тармақшасы келесі мазмұнда жазылсын:
«5) егер жалдауға (жалға) алушы шартта белгіленген мерзімде, ал егер шартта мұндай мерзімдер көрсетілмесе, Қазақстан Республикасының заңдарына немесе шартқа сәйкес күрделі жөндеу жүргізу міндеттемесі жалдауға (жалға) алушыға жүктелген жағдайда, оны ақылға қонымды мерзімде орындамаса, жалдауға (жалға) беруші шартты мерзімінен бұрын бұзуды талап ету құқығын жалдауға (жалға) алушыға міндеттемесін орындауға мүмкіндік бергеннен кейін ғана пайдалана алады;»;
3-қосымшасының 24-тармақ келесі мазмұнда жазылсын:
«24. Егер жалдауға (жалға) алушы өзінің жеке қаражаты есебінен және баланс ұстаушының келісімімен және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) жазбаша рұқсаты негізінде су шаруашылығы құрылысына зиян келтірмей бөліп алуға келмейтін жақсартулар жүргізсе, шарт тоқтатылғаннан кейін, Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жалдауға (жалға) алушы бұл жақсартулардың құнын баланс ұстаушыдан өтеп алуға құқылы.
Жалдауға (жалға) алушы жүзеге асырған бөліп алуға келетін жақсартулар оның меншігі болып табылады.
Жалдауға (жалға) беруші мен баланс ұстаушының келісімінсіз жасалған бөліп алуға келмейтін жақсартулардың құны Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өтелуге жатпайды.».

2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы имараттарын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.