Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Костанайской области от 13 апреля 2026 года № 103 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и лесного хозяйства, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»

Қаулы · № 243 · қабылданған 17.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2026-no-103/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Костанайской области от 13 апреля 2026 года № 103 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и лесного хозяйства, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности» Қолданыста 17.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Костанайской области от 13 апреля 2026 года № 103 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и лесного хозяйства, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»

Қолданыста Қаулы № 243 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Костанайской области от 13 апреля 2026 года № 103 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и лесного хозяйства, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»
Атауы (қаз.)
«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 103 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
243
Қабылданған күні
17.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
20.08.2026
Көрсетілген редакция
17.08.2026 228997_835886.kaz
Соңғы өзгеріс
17.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26N000243A
ЭКБ идентификаторы
228997
Редакция идентификаторы
228997_835886
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.09.2026 04:09
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0

«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 103 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 103 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, архив ісі, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, архив ісі, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.»;
көрсетілген қаулының қосымшасы мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Архив ісі саласы мамандарының лауазымдары:
1) облыстық маңызы бар ММ филиалының басшысы;
2) архивші.».

2. «Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Келісілді
Қостанай облыстық
мәслихаты