О внесении изменений в приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 13 апреля 2026 года № 167 «Об утверждении Правил разработки и согласования комплексных схем градостроительного планирования территорий»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 13 апреля 2026 года № 167 «Об утверждении Правил разработки и согласования комплексных схем градостроительного планирования территорий»
- Атауы (қаз.)
- «Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын әзiрлеу және келiсу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 167 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 418
- Қабылданған күні
- 24.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 12.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 24.08.2026 I229445_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26IS000418
- ЭКБ идентификаторы
- 229445
- Редакция идентификаторы
- I229445_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 17.09.2026 18:57
0 «Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын әзiрлеу және келiсу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 167 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын әзiрлеу және келiсу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 167 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын әзiрлеу және келiсу қағидаларына 2-қосымшада:
«Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемалары жобасының негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері» кестесінде:
3.1-тармақтың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалады;
4.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«
4.3
Халықтың тұрғынжайдың жалпы ауданымен қамтамасыз етілуі:
м2 / адам
».
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;