Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Пленума Верховного Суда Республики Казахстан "О применении законодательства по делам, связанным с незаконным оборотом наркотических средств, психотропных, сильнодействующих и ядовитых веществ" от 14 мая 1998 года № 3

Қаулы · № 2 · қабылданған 29.04.1999
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-1998-no-3/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Пленума Верховного Суда Республики Казахстан "О применении законодательства по делам, связанным с незаконным оборотом наркотических средств, психотропных, сильнодействующих и ядовитых веществ" от 14 мая 1998 года № 3 Қолданыста 29.04.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в постановление Пленума Верховного Суда Республики Казахстан "О применении законодательства по делам, связанным с незаконным оборотом наркотических средств, психотропных, сильнодействующих и ядовитых веществ" от 14 мая 1998 года № 3

Қолданыста Қаулы № 2 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Пленума Верховного Суда Республики Казахстан "О применении законодательства по делам, связанным с незаконным оборотом наркотических средств, психотропных, сильнодействующих и ядовитых веществ" от 14 мая 1998 года № 3
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1998 жылғы 14 мамырдағы "Есiрткi, психотроптық, күштi әсер ететiн және улы заттарды заңсыз айналымға түсiру жөнiндегi iстер бойынша заңдарды қолдану туралы" N 3 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
2
Қабылданған күні
29.04.1999
Көрсетілген редакция
29.04.1999 AI3774_0.kaz
Соңғы өзгеріс
29.04.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P99000002S_
ЭКБ идентификаторы
3774
Редакция идентификаторы
AI3774_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:11
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1998 жылғы 14 мамырдағы "Есiрткi, психотроптық, күштi әсер ететiн және улы заттарды заңсыз айналымға түсiру жөнiндегi iстер бойынша заңдарды қолдану туралы" N 3 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Есiрткi немесе психотроптық заттарды заңсыз тасымалдау үшiн жауапкершiлiктi белгілейтiн заңдарды қолданудың бiрегейлiгiн қамтамасыз ету, осы санаттағы iстердiң заңды шешiлуi сапасын көтеру мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1998 жылғы 14 мамырдағы "Есiрткi, психотроптық, күштi әсер ететiн және улы заттарды заңсыз айналымға түсiру жөнiндегi iстер бойынша заңдарды қолдану туралы" N 3 қаулысына келесi өзгерiстер енгiзiлсін:

1. 7-тармақ мынадай редакцияда берiлсiн: "Есiрткi, психотроптық заттарды, сондай-ақ прекурсорларды заңсыз тасымалдау ҚР "Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдалануына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" Заңының 1-бап 12-тармағына сәйкес оларды тасымалдау тәсiлiне қарамастан орын ауыстыруы жөнiндегi кез келген қасақана жасалатын әрекеттер - оларды заңсыз тасымалдау болып табылатынын түсiндiру қажет.
Тасымалдауды есiрткi, психотроптық заттарды, прекурсорларды заңсыз пайдаланып жүрген адамдар, сондай-ақ оның тапсырмасы бойынша басқа да адамдар жүзеге асыра алады. Аталған заттарды орнын ауыстыруды басқаларға тапсырған адам тасымалдауды ұйымдастырушы, ал егер, тасымалдауды қылмыстық заң бойынша жауапкершiлiкке тартылмайтын (мысалы, есi дұрыс емес, қылмыстық жауапкершiлiкке тарту үшiн жасы толмаған, немесе заттың сипаты туралы хабарсыз) адамдарға тапсырса, онда тiкелей орындаушы ретiнде жауапқа тартылады.
Көлiкпен келе жатқан адамның есiрткi, психотроптық заттарды заңсыз тасымалдауын заңсыз сақтаудан ажырату үшiн басшылыққа айыпталушының пиғылын алу керек. Мұндайда табылған есiрткi, психотроптық заттардың мөлшері, көлiкпен жүру мақсаты, көлiк түрі және iстiң басқа да айыпталушының пиғылы оларды заңсыз тасымалдау үшiн немесе сақтау үшiн бағытталғаны туралы тұжырым жасауға мүмкiндiк беретiн мән-жайларды ескеру керек.
Есiрткi немесе психотроптық заттарды, аспаптарды немесе оларды жасау үшiн қолданылатын құралдарды, прекурсорларды бiр жаққа заңсыз жiберу деп оларды кез келген байланыс құралымен, арнайы адам арқылы сонымен қатар құстар мен жануарларды пайдалануды түсiну керек".

2. 11-тармақтың бірінші абзацы мынадай сөйлеммен толықтырылсын:

"Аталған заттардың немесе құралдардың көп емес, көп және аса көп мөлшерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы " Қадағалауға жататын есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлар туралы" N 186 қаулысымен бекітілген және 1998 жылғы 29 сәуірден бастап күшіне енген Тізімге және Жиынтық кестесіне сәйкес, ал егер қылмыс аталған уақытқа дейін жасалған болса - КССР Денсаулық министрлігі жанындағы Есірткі заттарды қадағалау жөніндегі тұрақты комитетінің 1990 жылғы 16 желтоқсандағы N 16 Қорытындысы негізінде анықтаған жөн".
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының судьясы,
Пленум хатшысы