О реализации Закона Республики Казахстан «О языках в Республике Казахстан» и Постановления Правительства Республики Казахстан от 14 августа 1998 года № 769 "О расширении сферы употребления государственного языка в государственных органах" Күшін жойған
Басқа 0
"Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Қазақстан Республикасындағы Заңын және "Мемлекеттік тілдің мемлекеттік органдарда пайдалану аясын кеңейту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 тамыздағы № 769 Қаулысын жүзеге асыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды-Қостанай облысы әкімінің 09.12.2004 № 53 шешімімен
"Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы "Қазақстан Республикасының Заңын және "Мемлекеттік тілдің мемлекеттік органдарда пайдалану аясын кеңейту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 тамыздағы № 769 Қаулысын тиімді жүзеге асыру мақсатында ШЕШТІМ :
Тармақ 1
1. Мемлекеттік және басқа үлттық тілдердің 2000 жылға дейін Қостанай облысы бойынша аймақтық даму бағдарламасы бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Мемлекеттік органдарда іс жүргізуді кезең-кезеңімен қазақ тіліне көшіру іс-шараларының жоспары бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасы жоғарыда көрсетілген қүжаттарды жүзеге асыру үшін бюджеттен қажетті қаржы болінуін қарастырсын.
Тармақ 4
4. Қалалар және аудандар әкімдері мемлекеттік және басқа үлттық тілдердің 2000 жылға дейінгі дамуының үқсас бағдарламаларын, мемлекеттік органдарда іс жүргізуді кезең-кезеңімен қазақ тіліне көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін.
Тармақ 5
5. Үйлестіру және бақылау жасау облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасына, жүктелсін (келісім бойынша)
Басқа 6
Қостанай облысы әкімінің
1998 жылғы 2 қарашадағы
№ 106 шешіміне 1 қосымша
Қостанай облысы бойынша мемлекетік және басқа ұлттық тілдердің 2000 жылға дейінгі дамуының аймақтық бағдарламасы
Тармақ 1
1. Барлық жерлерде міндетті түрде қазақ және орыс тілдерін, қажет болған жағдайда түрлі ұлт азаматтарының шоғырлана мекендеуін ескеріп, басқа үлттар тілдерін пайдаланып, ақпараттық-анықтамалық қамтамасыз етуді жүргізу.
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, қалалар және аудандар әкімдері, меншік нысанына қарамастан үйымдар, кәсіпорындар басшылары "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4 тарауының 19,20,21 баптарындағы "Тіл елді мекендердің атауларында, жеке аттарда, көрнекі апаратта" қамтылуының орындалуына бақылау жасау.
1998 жыл Қалалар және аудандар әкімдері,
кәсіпорындар, мекемелер,үйымдар мен
фирмалар басшылары
Тармақ 2
2. Барлық жерлерде мемлекеттік тілді еркін тегін меңгеру үшін қажетті жағдайлар жасалсын, кәсіпорындар, мекемелер,үйымдар жазу машинкаларымен,қазақ алфавиті бар компьютерлермен, байланыс бөлімшелері қазақ қарпі бар телеграф аппараттарымен қамтамасыз ету. Тілек білдірушілер үшін үйірмелер мен топтарда апта сайын арнаулы сабақтар үйымдастыру, штаттық кестеге аудармашылар лауазымын енгізу, еңбек үжымдарының жиналыстарында қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде енгізу жөнінен нақты жоспарлар бекіту.
1998 жыл Қалалар және аудандар әкімдері,
кәсіпорындар, мекемелер, үйымдар
басшылары
Тармақ 3
3. Мемлекеттік тілді меңгерген басқару, әлеуметтік сала, қоғамдық көлік, сауда және қызмет көрсету органдарының жүмыскерлері (қызметкерлері) үшін материалдық ынталандыру белгілеуді қарастыру.(окладқа 10-15 процент үстеме).
2000 жылға дейін Облыстық қаржы басқармасы,
қалалар және аудандар әкімдері,
кәсіпорындар және мекемелер басшылары
Тармақ 4
4. Облыс, қалалар және аудандар әкімдері аппараттарының отырыс залдарында тіл саласындағы бірегей мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, үлттық тілдерді дамыту үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ету, облыс халқының үлттық-мәдени сүраныстарын қанағаттандыру қажеттілігін ескеріп, ілеспе аударма жасау үшін жабдықтар орнату.
1998-1999 ж. Облыс,қалалар және аудандар
әкімдері
Тармақ 5
5. Мектепке дейінгі мекемелерде қазақ тіліндегі бала алары мен топтардың қазіргі бар желісі сақталсын. Қажет болған жағдайда мемлекеттік тілде оқытатын және тәрбиелейтін қосымша мектептер мен сыныптар ашу. Мектепке дейінгі мекемелерді, мектептерді қазақ және орыс тілдеріндегі оқулықтармен және оқу-әдістемелік қүралдармен толық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау.
2000 ж. дейін Қалалар және аудандар әкімдері,
облыстық білім департаменті
Тармақ 6
6. Орыс тілінде оқытатын барлық мектепке дейінгі мекемелерде, мектептерде, орта арнаулы және жоғарғы оқу орындарында қазақ тілін оқытуға қол жеткізілсін. Орыс тілінде оқытатың мектептерде қазақ тілі бойынша жаңа оқу жоспарларына көшу қамтамасыз етілсін, оның ішінде орыс тілінде оқытатын мектеп түлектерінің өз тілектерімен жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарында мемлекеттік тілді тереңдете оқытуды үйымдастыру.
2000 ж. дейін Оқу орындарының басшылары,
облыстық білім департаменті
Облыстың оқу орындарында қазақ тілін білетін мамандарды даярлауды қамтамасыз ету.
2000 ж. дейін Облыстық білім департаменті,
оқу орындарының басшылары
Тармақ 7
7. Көпшілік іс-шараларды, оның ішінде қоғамдық саяси сипаттағы іс шараларды даярлағанда және өткізгенде мемлекеттік тілді қолдануды кеңейту.
1998 ж. бастап Облыс әкімі аппаратының ішкі
саясат және әлеуметтік сала бөлімі,
облыстық мәдениет басқармасы,
облыстық білім департаменті,
қалалар және аудандар әкімдері
Тармақ 8
8. Тұрғындардың сүраныстарына сәйкес неміс, украин, белорус, татар, кәріс және басқа үлттардың шоғырлана тұрып жатқан жерлерінде ана тілдерін оқытуды үйымдастыру, сондай-
ақ қажет болған жағдайда іс-шаралар өткізу кезінде олардың тілдерін пайдалану.
Үлттық мәдени орталықтарын, тілдерді, халық шығармашылығын, көркем қолданбалы өнерді дамыту үшін қажетті жағдайды жасау мақсатында бастамашыл топтарды қүру жөніндегі жүмысты жалғастыру.
Үлттық-мәдени орталықтардың откізіп жатқан іс- шараларын және үлттық жексенбілік мектептер оқытушыларына ақы төлеуді қаржыландыруды қарастыру.
1998 ж. бастап Қазақстан халықтарының
облыстық Ассамблеясы
Тармақ 9
9. Әскерге шақырылатын жастарға мемлекеттік тілді оқыту тиімділігін арттыру. Әскери комиссариаттардагы кәсіптік- техникалық училишелер және басқа оқу орындарындағы әскерге
шақырылушылар топтарында мемлекеттік және орыс тілін оқыту жөніндегі сабақтарды, бұл мақсатқа білікті мамандарды тарта отырып, жүйелі жүргізуді қамтамасыз ету.
Тұрақты Облыстық, қалалық, аудандық әскери
комиссариаттар, облыстық білім
департаменті, қалалар және аудандар
әкімдері
Тармақ 10
10. ТМД республикаларымен үлттық мемлекеттік күрылымдардан тыс жерлерде тұрып жатқан ұлт өкілдеріне ана тілінін мүғалімдерін даярлау мәселелері жөнінен іскер байланыстар орнату және кеңейту.
Шекаралас жатқан Корған, Орынбор, Челябі облыстарымен білім және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты нығайту.
Көркемөнер үжымдарының гастрольге шығуларын дөстүрге айналдыру.Қостанай қаласында Ресейдің шекаралас жатқан облыстарында түрып жатқан қазақ диаспорасы өкілдерімен кездесу откізу.
1999ж. бастап Облыстық білім департаменті,
мәдениет басқармасы, көші-қон және
демография басқармасы
Тармақ 11
11. Облыстық, қалалық, аудандық, сондай-ақ жеке меншіктегі көп тиражды газеттерде тіл саясаты, мәдениет, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың сәйкесті шешімдерін іс жүзінде жүзеге асыру мәселелері бойынша басылатын жарияланымдардың тақырыптарын кеңейту.
Облыстың аудандары мен қалаларында қазақ және орыс тілдерінде бірлесе газет шығару тәжірибесін жалғастыру.
Бұқаралық ақпарат құралдарында ресми хабарлар мен құлақтандыруларды екі тілде-қазақ және орыс тілдерінде шығаруды тәжірибеге айналдыру.
2000ж.дейін Облыс,қалалар және аудандар
әкімдерінің аппараттары
Тармақ 12
12. Халық шығармашылығын одан әрі дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыру.
Облыста Үлттық мәдениет кұндерін тұрақты өткізіп тұру. Фольклорлык ұжымдардың құрылуына, облыста түрып жатқан халықтардың дәстүрлерінің,үздік үлттық салттарынын жаңғыруына мүмкіндіқ туғызу.
Тұрақты Қазақстан халықтарының
облыстық Ассамблеясы,облыстық
мәдениет басқармасы,
ұлттық- мәдени орталықтар
Тармақ 13
13. Қостанай облыстық қуыршақ театрында қазақ тілін оқып жүрген бала бақшалары мен сыныптарының балалары үшін орыс тілінен қазақ тіліне ілеспе аударманы қамтамасыз ету.
1998 ж. бастап Облыстық мәдениет басқармасы,
облыстық білім департаменті
Тармақ 14
14. Қазақ жөне басқа үлттық тілдерді одан әрі дамыту мақсатында Тілдер мерекесін өткізуді дәстүрге айналдыру. Мереке шеңберінде жас ақындар мен жазушылардың ,жас орындаушылардың бәйгелерін өткізу.
2000 ж. дейін Облыс, қалалар жөне аудандар
әкімдерінің аппараттары,
облыстық мәдениет басқармасы,
жастар ісі туризм және спорт
жөніндегі облыстық комитет,
ұлттық-мәдени орталықтар
(келісім бойынша)
Тармақ 15
15. "Қазақстан Республикасындагы тілдер туралы" Заңды жүзеге асырудағы қоғамдық пікірді зерттеу бойынша өлеуметтік зерттеу жүргізу.
Ақпарат және қоғамдық келісім
басқармасы (келісім бойынша)
Басқа 22
Қостанай облысы әкімінің
1998 жылғы 2 қарашадағы
№ 106 шешіміне 2 қосымша
Мемлекеттік органдарда іс жүргізуді кезең-кезеңімен қазақ тілінде көшіру жөніндегі іс-шаралар
Тармақ 1
1. Мемлекеттік тілді іс-жүргізуге кезең-кезеңмен енгізудің іс- шараларын әзірлеу және тәртібін анықтау. Бүл мәселелерді қалалар және аудандар әкімдерінің алқа мәжілістерінде тұрақты түрде қарау.
Қалалар және аудандар әкімдері
Тармақ 2
2. Барлық деңгейдегі әкімдер аппараттарында мемлекеттік тілді үйрену және оны енгізу жөнінен арнаулы бөлім немесе сектор қүруды қарастыру.
Қалалар және аудандар әкімдері
3. Барлық уйымдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің штаттық кестесіне аудармашылардың, қазақ тілі оқытушыларының, қазақ тілінде іс жүргізу жөніндегі мамандардың лауазымдарын кіргізу.
Үйымдар мен мекемелер,
кәсіпорындар басшылары
Тармақ 4
4. Маңдайшалар, көрсеткіштер, мөрлер, қалыптар, жарнамалық тақтайшалар және басқа көрнекілік өнімдерін "Қазақстан Республикасындағы Заңының 21- бабының талабына
қатаң сәйкестікке келтіру.
Ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындар
басшылары
Тармақ 5
5. Мемлекеттік тілді оқыту және іс жүргізуде мемлекеттік тілді кіргізудің кешенді компьютерлік бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру.
Ақпарат және қоғамдық
келісім басқармасы
Тармақ 6
6. Барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес бүқаралық ақпарат қүралдарының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабын сақтауын қамтамасыз ету.
Бұқаралық ақпарат құралдарының
басшылары (келісім бойынша)
Тармақ 7
7. Көлік, сауда, байланыс салаларын мемлекеттік тілдегі сапалы анықтамалық ақпаратпен, байланыс кәсіпорындарын казақ шрифті аппараттарымен, қызмет орындарын жұмысты қазақ тілінде жүргізе алатын кадрлармен қамтамасыз ету.
Өнеркәсіп және сауда департаменті
Тармақ 8
8. Барлық мекемелер мен кәсіпорындарда мемлекеттік тілді меңгерген азаматтарды материалдық және моральдық жағынан ынталандыру жөніндегі нақты шаралар әзірлеу.
Қалалар және аудандар әкімдері,
үйымдар, мекемелер, кәсіпорындар
басшылары
Тармақ 9
9. Облыс әкімі аппаратында мемлекеттік тілді үйретуге арналған оқу сыныбын жабдықтау, оқытудың қажетті техникалық оқу құралдарын, жиһаздарын алу.
Облыс әкімі аппаратының басшысы,
жалпы бөлімнің меңгерушісі