О внесении изменений и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 14 декабря 1999 года N 630 "Об утверждении Правил внутреннего распорядка следственных изоляторов Министерства внутренних дел Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 14 декабря 1999 года N 630 "Об утверждении Правил внутреннего распорядка следственных изоляторов Министерства внутренних дел Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі тергеу изоляторларының ішкі тәртіп ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 630 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 360
- Қабылданған күні
- 23.05.2002
- Көрсетілген редакция
- 15.08.2016 AI12273_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.08.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V020001866_
- ЭКБ идентификаторы
- 12273
- Редакция идентификаторы
- AI12273_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 23:02
0 "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі тергеу изоляторларының ішкі тәртіп ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 630 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
📌 Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 15.08.2016 № 810 бұйрығымен.
Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды күзет қамауында ұстау мәселелерін реттеу мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі тергеу изоляторларының ішкі тәртіп ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 630 V991026_ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі тергеу изоляторларының ішкі тәртіп ережелерінде:
7-тармақтағы:
"Қамауда ұстау орындары" деген сөздер "Сезіктілер мен тергеу қамауындағыларды алдын ала оқшаулау" деген сөздермен ауыстырылсын;
"ІІБ-нің қамауда ұстау орындары бөлімшелерінің, топтарының" деген сөздер "Астана, Алматы қалалары ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің сезіктілер мен тергеу қамауындағыларды алдын ала оқшаулау бөлімшелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы:
"облыс ІІБ (ІІББ)-ның" деген сөздер "Астана, Алматы қалалары ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Астана, Алматы қалалары ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің бастықтары:
1) тергеу изоляторлары жеке құрамының осы бұйрықпен бекітілген Ішкі тәртіп ережелеріне өзгерістер мен толықтыруларды оқып-үйренуін ұйымдастырсын және тергеу изоляторларының жұмысын олардың талаптарына сәйкес қамтамасыз етсін;
2) сезіктілер мен айыпталушыларға Ішкі тәртіп ережелеріндегі өздеріне
қатысты бөліктерде бекітілген өзгерістер мен толықтырулар туралы кеңінен
ақпарат беру шараларын қабылдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі
істер вице-Министрі ішкі қызмет генерал-майоры Н.А.Власовқа, Қазақстан
Республикасы Ішкіісминінің Сезіктілер мен тергеу қамауындағыларды алдын
ала оқшаулау департаментіне (М.М.Баймұхамбетов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
генерал-полковник