О внесении изменений в Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 14 июня 1999 года № 44 "Об утверждении Перечня видов экспертиз, производимых в Центре судебной экспертизы Министерства юстиции Республики Казахстан, и экспертных специальностей, квалификация по которым присваивается Министерством юстиции Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 14 июня 1999 года № 44 "Об утверждении Перечня видов экспертиз, производимых в Центре судебной экспертизы Министерства юстиции Республики Казахстан, и экспертных специальностей, квалификация по которым присваивается Министерством юстиции Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі Сот сараптамасы орталығында жүргiзiлетiн сараптамалар мен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң бiлiктiлiк дәрежесiн бекiтетiн сарапшылық мамандықтары түрлерiнiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 1999 жылғы 14 маусымдағы № 44 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 68
- Қабылданған күні
- 24.02.2006
- Көрсетілген редакция
- 20.07.2010 AI26712_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.07.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V060004107_
- ЭКБ идентификаторы
- 26712
- Редакция идентификаторы
- AI26712_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:53
0
"Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі Сот сараптамасы орталығында жүргiзiлетiн сараптамалар мен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң бiлiктiлiк дәрежесiн бекiтетiн сарапшылық мамандықтары түрлерiнiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 1999 жылғы 14 маусымдағы № 44 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы
"Әдiлет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын және "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі Сот сараптамасы орталығында жүргiзiлетiн сараптамалар мен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң бiлiктiлiк дәрежесiн бекiтетiн сарапшылық мамандықтары түрлерiнiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 1999 жылғы 14 маусымдағы N 44 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 861 болып тiркелген, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң 2001 жылғы 22 маусымдағы N 80 және 2004 жылғы 30 қаңтардағы N 30 бұйрықтарымен енгiзiлген толықтырулармен және өзгерiспен) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі Сот сараптамасы орталығында жүргiзiлетiн сараптамалар мен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң бiлiктiлiк дәрежесiн бекiтетiн сарапшылық мамандықтары түрлерiнiң тiзбесiнде:
реттік нөмiрi 17-жолда:
"Сарапшылық мамандықтар" деген 3-бағандағы "сот-сараптамалық психологиялық зерттеу" және "сот-сараптамалық психологиялық-психиатриялық зерттеу" деген сөздер алып тасталсын;
"Мамандықтар шифрi" деген 4-бағандағы "17.2" және "17.3" деген сандар алып тасталсын.