О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 14 июня 2001 года № 224 "Об утверждении Инструкции по документированию, управлению документацией и хранению документов профессиональными участниками страхового рынка и страховыми агентами, осуществляющими предпринимательскую деятельность"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 14 июня 2001 года № 224 "Об утверждении Инструкции по документированию, управлению документацией и хранению документов профессиональными участниками страхового рынка и страховыми агентами, осуществляющими предпринимательскую деятельность"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру рыногының кәсіби қатысушыларымен және кәсіби қызметті жүзеге асыратын сақтандыру агенттерімен құжаттарды жасау, құжаттаманы басқару және құжаттарды сақтау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2001 жылғы 14 маусымдағы № 224 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 144
- Қабылданған күні
- 03.09.2010
- Көрсетілген редакция
- 27.12.2010 AI55811_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.12.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1000006664
- ЭКБ идентификаторы
- 55811
- Редакция идентификаторы
- AI55811_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:27
0
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру рыногының кәсіби қатысушыларымен және кәсіби қызметті жүзеге асыратын сақтандыру агенттерімен құжаттарды жасау, құжаттаманы басқару және құжаттарды сақтау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2001 жылғы 14 маусымдағы № 224 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Сақтандыру рыногының кәсіби қатысушыларымен және кәсіби қызметті жүзеге асыратын сақтандыру агенттерімен құжаттарды жасау, құжаттаманы басқару және құжаттарды сақтау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2001 жылғы 14 маусымдағы № 224 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1592 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру рыногының кәсіби қатысушыларымен және кәсіби қызметті жүзеге асыратын сақтандыру агенттерімен құжаттарды жасау, құжаттаманы басқару және құжаттарды сақтау жөніндегі нұсқаулықтың 2-қосымшасында:
реттік нөмірі 83-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
83. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптарды, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптарды және сақтандыру агентінің делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктерін бекіту туралы» 2010 жылғы 1 наурыздағы № 25 қаулысына сәйкес жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының тізілімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6164 тіркелген)
5 жыл
*Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының тізіліміндегі соңғы сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін
».
2 2. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3 3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
1 1) Заң департаментімен (Н.В. Сарсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
2 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастан он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
4 4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Байланыс және ақпарат министрлігінің
Ақпарат және мұрағат комитеті
Төраға _________ Б.Т. Берсербаев
2010 жылғы 29 қазан
___________________________
(қолы, күні, елтаңба мөр)