Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменений в приказ Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 14 мая 2003 года N 202 "О некоторых вопросах кадровой работы в таможенных органах Республики Казахстан" (зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан за N 2286)

Бұйрық · № 453 · қабылданған 29.09.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2003-n-202-n-2286-ekb-17293/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменений в приказ Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 14 мая 2003 года N 202 "О некоторых вопросах кадровой работы в таможенных органах Республики Казахстан" (зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан за N 2286) Күшін жойған Бұйрық ·№ 453 ·29.09.2003
04.06.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.06.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменений в приказ Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 14 мая 2003 года N 202 "О некоторых вопросах кадровой работы в таможенных органах Республики Казахстан" (зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан за N 2286)

Күшін жойған Бұйрық ·№ 453 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменений в приказ Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 14 мая 2003 года N 202 "О некоторых вопросах кадровой работы в таможенных органах Республики Казахстан" (зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан за N 2286)
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасының кеден органдарындағы кадр жұмысының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 14 мамырдағы N 202 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2286 болып тіркелген) толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
453
Қабылданған күні
29.09.2003
Көрсетілген редакция
04.06.2008 AI17293_2.kaz
Соңғы өзгеріс
04.06.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V030002546_
ЭКБ идентификаторы
17293
Редакция идентификаторы
AI17293_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:55

0

"Қазақстан Республикасының кеден органдарындағы кадр жұмысының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 14 мамырдағы N 202 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2286 болып тіркелген) толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 25 мамырдағы N 576  Жарлығымен  бекітілген Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің қызметкерлері лауазымдарының тізіліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Қазақстан Республикасының кеден органдарындағы кадр жұмысының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 14 мамырдағы N 202  бұйрығына  (бұдан әрі - Бұйрық) (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 20 мамырда N 2286 болып тіркелген, 2003 жылғы 28 маусымдағы N 26 "Ресми газетте" жарияланған) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген Бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарына қойылатын біліктілік талаптарында:
3-тармақта:

1 1) мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

2-1 "2-1) Кедендік бақылау агенттігі аумақтық бөлімшесінің, кеденінің құрамындағы басқарма бастығы, кеден бекетінің бастығы лауазымдары үшін:

білімі жоғары кәсіптік;
екі жылдан кем емес мемлекеттік қызмет стажының болуы, оның ішінде кемінде бір жыл келесі төменгі санаттағы лауазымдарда жұмыс істеуі, не мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге де лауазымдарда бір жылдан кем емес стажының немесе аталған санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда, оның ішінде басшы лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс стажының болуы немесе мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік тапсырыс негізінде даярлау мен қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша оқуы;
Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан Республикасының Кеден  кодексін , " Мемлекеттік қызмет туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ", " Әкімшілік рәсімдер туралы ", " Нормативтік құқықтық актілер туралы " Заңдарды,  2030  жылғы дейінгі Қазақстанның Даму стратегиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 328 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы  ережесін , Қазақстан Республикасының аталған санаттағы мемлекеттік лауазымдардың мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық кесімдерін білуі;
аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті міндетті білімдерінің болуы.";

2-2 "2-2) Кедендік бақылау агенттігі аумақтық бөлімшесінің, кеденінің құрамындағы басқарма бастығының орынбасары, кеден бекеті бастығының орынбасары лауазымдары үшін:

білімі жоғары кәсіптік;
бір жарым жылдан кем емес мемлекеттік қызмет стажының болуы немесе аталған санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда үш жылдан кем емес жұмыс стажының болуы;
Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан Республикасының Кеден  кодексін , " Мемлекеттік қызмет туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ", " Әкімшілік рәсімдер туралы ", " Нормативтік құқықтық актілер туралы " Заңдарды,  2030  жылғы дейінгі Қазақстанның Даму стратегиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 328 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы  ережесін , Қазақстан Республикасының аталған санаттағы мемлекеттік лауазымдардың мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық кесімдерін білуі;
Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті міндетті білімдерінің болуы.";

3 3) 3) және 4) тармақшалардағы "кеден бекеті" деген сөз алынып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі (Н.Қасымов) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

4

4. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Ұйымдастырушылық және әкімшілік жұмыстар департаменті (К.І.Махамбетов) осы бұйрықты жұмыста басшылыққа алу үшін Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің және Қазақстан Республикасы аумақтық кеден органдары басшыларының назарына жеткізсін.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары А.Қ.Ержановқа жүктелсін.

6 6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

Төраға

Қолданыстағы