Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 14 мая 2003 года N 202 "О некоторых вопросах кадровой работы в таможенных органах Республики Казахстан" (зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан за N 2286)

Бұйрық · № 541 · қабылданған 03.12.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2003-n-202-n-2286-ekb-17809/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 14 мая 2003 года N 202 "О некоторых вопросах кадровой работы в таможенных органах Республики Казахстан" (зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан за N 2286) Күшін жойған Бұйрық ·№ 541 ·03.12.2003
04.06.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.06.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 14 мая 2003 года N 202 "О некоторых вопросах кадровой работы в таможенных органах Республики Казахстан" (зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан за N 2286)

Күшін жойған Бұйрық ·№ 541 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 14 мая 2003 года N 202 "О некоторых вопросах кадровой работы в таможенных органах Республики Казахстан" (зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан за N 2286)
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасының кеден органдарындағы кадр жұмысының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 14 мамырдағы N 202 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2286 болып тіркелген) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
541
Қабылданған күні
03.12.2003
Көрсетілген редакция
04.06.2008 AI17809_2.kaz
Соңғы өзгеріс
04.06.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V030002621_
ЭКБ идентификаторы
17809
Редакция идентификаторы
AI17809_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:45

0

"Қазақстан Республикасының кеден органдарындағы кадр жұмысының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 14 мамырдағы N 202 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2286 болып тіркелген) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Үзінді:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Кедендік бақылау комитеті төрағасының
2008 жылғы 4 маусымдағы N 164 бұйрық
Кеден ісі саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды
деп тану туралы
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабы 1 тармағына сәйкес, Бұйырамын:

1 1. Осы бұйрыққа қосымша тізімдегі кеден ісі саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау басқармасы (Т.Б. Нұрбаев) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Кадр басқармасы (А.Қ. Омарова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің жеке құрамының назарына жеткізсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының орынбасары Е.Ә. Кененбаевқа жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

6 Қазақстан Республикасы Қаржы

министрлігі Кедендік бақылау
комитеті төрағасының
2008 жылғы 4 маусымдағы
N 164 бұйрығына қосымша
Кеден ісі саласындағы күші жойылған кейбір
бұйрықтардың тізбесі
1. ...;
2. ...;
3. "Қазақстан Республикасының кеден органдарындағы кадр жұмыстарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 14 мамырдағы N 202 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 3 желтоқсандағы N 541 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2621 болып тіркелген, ҚР Нормативтік құқықтық кесімдерінің бюллетенінде жарияланған, 2004 ж, N 37-40, 1013-құжат);
4. ...;
5. ....
______________________________________________
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 25 мамырдағы N 576 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің қызметкерлері лауазымдарының санаттары бойынша тізілімдеріне және "Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі аумақтық бөлімшелерін қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қыркүйектегі N 938 қаулысына сәйкес, ведомстволық кесімдерге сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Қазақстан Республикасының кеден органдарындағы кадр жұмысының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 14 мамырдағы N 202 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 20 мамырда N 2286 болып тіркелген, "Ресми газеттің" 2003 жылғы 28 маусымдағы N 26 жарияланған) (бұдан әрі - Бұйрық) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген Бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарын қызметке тағайындау және қызметтен босату ережесінде:
1) бүкіл мәтін бойынша "кеден басқармалары" деген сөздер "кедендік бақылау департаменттері" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 13-тармақта "кеден басқармалары мен кедендер бастықтарының орынбасарлары" деген сөздерден кейін "басқармалардың бастықтары мен олардың орынбасарлары" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 1-қосымшаның 5-тармағы мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:
"аумақтық кеден органының бастығы;
аумақтық кеден органы бастығының орынбасары;
басқарма бастығы;
басқарма бастығының орынбасары;
жинақтау-талдау бөлімінің бастығы;
кеденнің кедендік ресімдеу бөлімінің бастығы;
кеденнің тауарлардың жеткізілуін бақылау бөлімінің бастығы;
кеденнің кедендік кірістер бөлімінің бастығы;
кеденнің кедендік кірістер және валюталық бақылау бөлімінің бастығы;
посткедендік бақылау бөлімінің бастығы;
кеден ісі саласындағы қылмыстарға және құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жөніндегі бөлімінің бастығы;
ақпараттық технологиялар мен кедендік статистика бөлімінің бастығы;
заң бөлімінің бастығы;
кедендік сараптамалар мен зерттеулер бөлімінің бастығы;
ішкі қауіпсіздік бөлімінің бастығы;
энергетикалық кеден бекетінің бастығы;
акциздік кеден бекетінің бастығы;
кеден бекетінің - кедендік ресімдеу орталығының бастығы;
10 және одан да көп штат саны бар кеден бекетінің бастығы;
10 бірлікке жетпейтін штат саны бар шекара маңындағы кеден бекетінің бастығы.";
4) 2-қосымшаның 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"кедендік режимдерді бақылау бөлімінің бастығы;
саудалық емес айналымдағы бақылау бөлімінің бастығы;
басқарма құрамындағы тауарлардың жеткізілуін бақылау бөлімінің бастығы;
басқарма құрамындағы кедендік кірістер бөлімінің бастығы;
валюталық бақылау бөлімінің бастығы;
кедендік күзет және режим бөлімінің бастығы;
басқарма құрамындағы анықтау және экономикалық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес бөлімінің бастығы;
басқарма құрамындағы есірткілердің контрабандасына қарсы күрес бөлімінің бастығы;
кадр жұмысы бөлімінің бастығы;
ұйымдастырушылық-талдау бөлімінің бастығы;
ішкі жұмыстар бөлімінің бастығы;
әкімшілік-шаруашылық бөлімінің бастығы;
қаржылық және шаруашылық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы;
бухгалтерияның бастығы;
басқарма құрамындағы кедендік статистика бөлімінің бастығы;
басқарма құрамындағы ақпараттық технологиялар бөлімнің бастығы;
сыртқы байланыстар бөлімінің бастығы;
10 бірлікке жетпейтін штат саны бар, шекара маңындағыларға жатпайтын кеден бекетінің бастығы;
бөлім, кеден бекеті бастығының орынбасары;
бас инспектор;
аға инспектор;
инспектор;
кіші инспектор.".

2 2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агентінің баспасөз қызметі (Н.Қасымов) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

4

4. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Ұйымдастырушылық және әкімшілік жұмыстар департаменті (К.І.Махамбетов) осы бұйрықты басшылыққа алу үшін Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі орталық аппаратының және Қазақстан Республикасы аумақтық кеден органдарының құрылымдық бөлімшелері басшыларының назарына жеткізсін.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары А.Қ.Ержановқа жүктелсін.

6 6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

Қолданыстағы