О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 14 ноября 2003 года N 841 "Об утверждении Правил проведения санитарно-эпидемиологической экспертизы"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 14 ноября 2003 года N 841 "Об утверждении Правил проведения санитарно-эпидемиологической экспертизы"
- Атауы (қаз.)
- "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 14 қарашадағы N 841 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 681
- Қабылданған күні
- 19.11.2007
- Көрсетілген редакция
- 02.11.2009 AI35967_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.11.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V070005005_
- ЭКБ идентификаторы
- 35967
- Редакция идентификаторы
- AI35967_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:48
0 "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 14 қарашадағы N 841 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
"Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 14 қарашадағы N 841 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2600 тіркелген, "Официальная газетада" 2003 жылғы 27 желтоқсанда N 52 (157) жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесін "3-тармағына" деген сөздерден кейін "және "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта "бірінші вице-министрі" деген сөздер "Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы-" деген сөздермен ауыстырылсын.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық сараптама өткізу ережесінде:
1-тармақта "Заңына" деген сөз "Заңдарына" деген сөзбен ауыстырылсын, "туралы" деген сөзден кейін "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта "шаралар қабылдау" деген сөздерден кейін ", тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау" деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақта:
5) тармақшада "шикізатқа" деген сөзден кейін ", тамақ өнімдеріне" деген сөздермен толықтырылсын;
8)-тармақшада "жағдайда" деген сөзден кейін "өнімдердің қауіпсіздігін" деген сөздермен толықтырылсын;
10) тармақшада "өнімдер" деген сөзден кейін "оның ішінде тағамдық" деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақта:
3) тармақшада "шикізаттардың" деген сөзден кейін ", тағам өнімдерінің" деген сөздермен толықтырылсын;
5) және 8) тармақшаларда "өнімді" деген сөзден кейін "оның ішінде тағам өнімі" деген сөздермен толықтырылсын;
18, 22-тармақтарда "өнімді" деген сөзден кейін "оның ішінде тағам өнімі" деген сөздермен толықтырылсын;