О внесении дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 14 ноября 2003 года N 841 "Об утверждении Правил проведения санитарно-эпидемиологической экспертизы"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 14 ноября 2003 года N 841 "Об утверждении Правил проведения санитарно-эпидемиологической экспертизы"
- Атауы (қаз.)
- "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптауды өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 14 қарашадағы N 841 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 657
- Қабылданған күні
- 19.12.2008
- Көрсетілген редакция
- 02.11.2009 AI42955_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.11.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V080005410_
- ЭКБ идентификаторы
- 42955
- Редакция идентификаторы
- AI42955_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:23
0 "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптауды өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 14 қарашадағы N 841 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Нормативтік құқықты актілерді жетілдіру және әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптауды өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 жылғы 14 қарашадағы N 841 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2600 тіркелген, жариялануы: "Ресми газет" 2003 жылғы 27 желтоқсан N 52 (156), "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 14 қарашадағы N 841 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 19 қарашадағы N 681 Бұйрығы енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5005 тіркелген, жариялануы: "Заң газеті" 2007 ж. 25 желтоқсан N 194 (1223) , мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Санитарлық-эпидемиологиялық сараптауды өткізу ережесінде:
11-тармақта:
бірінші абзацта "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы" деген сөздердің алдынан "Жобаларды" деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы жаңа екінші бөліммен толықтырылсын:
"тамақ өнімдері және материалдар мен бұйымдардың санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасы санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы өткізуге арналған өтініш және өнімдердің үлгілері негізінде өткізіледі. ";
33-тармақта "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама" деген сөздердің алдынан "Жобаларды" деген сөзбен толықтырылсын;
34-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліммен толықтырылсын:
"Тамақ өнімдерінің, әзірлеу (жасау) кезінде ұсынған үлгілерді қоспағанда, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу мерзімі 10 күнтізбелік күннен аспау керек.
Материалдар мен бұйымдарлардың санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу мерзімі, әзірлеу (жасау) кезінде ұсынған үлгілерді қоспағанда, зерттеулер өткізу әдістемелерінде белгіленген мерзімдерден аспауға тиіс. ";
38-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа екінші бөліммен толықтырылсын:
"С анитарлық-эпидемиологиялық қорытынды беру мерзімі 2 жұмыс күнінен аспау керек.
Тамақ өнімдерін өндіруге берілген с анитарлық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылу мерзімі – 1 жыл. Материалдар мен бұйымдарға берілген с анитарлық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылу мерзімі – 3 жыл.".