О внесении изменений в постановление акимата области от 14 ноября 2003 года № 245 "Об утверждении правил передачи в доверительное управление с правом (без права) последующего выкупа объектов коммунальной собственности"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата области от 14 ноября 2003 года № 245 "Об утверждении правил передачи в доверительное управление с правом (без права) последующего выкупа объектов коммунальной собственности"
- Атауы (қаз.)
- Облыс әкімиятының 2003 жылғы 14 қарашадағы № 245 "Кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) коммуналдық меншік объектілерін сенімгерлікпен басқаруға табыстау туралы Ережелерді бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 75
- Қабылданған күні
- 16.03.2007
- Көрсетілген редакция
- 11.04.2011 32671_196958.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.04.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07T0002486
- ЭКБ идентификаторы
- 32671
- Редакция идентификаторы
- 32671_196958
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:57
0 Облыс әкімиятының 2003 жылғы 14 қарашадағы 245 "Кейіннен сатып алу
құқығымен (құқығынсыз) коммуналдық меншік объектілерін сенімгерлікпен басқаруға табыстау туралы Ережелерді бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Коммуналдық меншік объектілерін басқару тиімділігін арттыру
мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"Заңының 27 бабын, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабын басшылыққа алып, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Облыс әкімиятының 2003 жылғы 14 қарашадағы N 245 "Кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) коммуналдық меншік объектілерінсенімгерлікпен басқаруға табыстау туралы Ережелерді бекіту туралы" қаулысына (Атырау облысы әділет басқармасында 2003 жылғы 13 желтоқсанда N 1720 болып тіркелген, облыстық "Атырау" және "Прикаспийская коммуна" газеттерінің 2004 жылғы 22 қаңтардағы № 9
санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ереженің 1-тармағында:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 23
желтоқсандағы "Жекешелендіру туралы" Заң күші бар Жарлығына,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі N 1431
"Коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері»
қаулысына және облыс әкімінің 2002 жылғы 30 мамырдағы шешімімен
бекітілген N 440 "Атырау облысының коммуналдық меншігін басқару
туралы" Ережесіне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 1995
жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 "Жекешелендіру туралы" Заңына және
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне" деген сөздермен
ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші абзац мынандай редакцияда мазмұндалсын:
"2. Меншік иесі Атырау облысы қаржы департаменті, ал Атырау
қаласы мен аудандардың коммуналдық меншік объектілерін жәй
сенімгерлікпен басқаруға берген жағдайда - аудандар мен қала
әкімияттарының қаржы бөлімдері";
3-тармақта:
"тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімиятымен" деген
сөздер "баланс ұстаушының мемлекеттік басқару органымен" деген
сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақта:
"облыстық қаржы басқармасы, облыстық әділет басқармасы" деген
сөздер "облыстық әділет департаменті" деген сөздермен ауыстырылсын.
2 2. Атырау қаласы мен аудандар әкімдері осы қаулыға және облыс
әкімиятының 2003 жылғы 14 қарашадағы N 245 қаулысымен бекітілген,
"Кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) коммуналдық меншік
объектілерін сенімгерлікпен басқаруға табыстау Ережелеріне" сәйкес,
қаржы бөлімдерінің Ережелеріне тиісті өзгерістер енгізсін.
3 3. Атырау облысы қаржы департаменті жәй сенімгерлікпен
басқаруға берілген коммуналдық меншік объектілері бойынша шарттар
мен құжаттарды Атырау қаласы және аудандар әкімияттарының қаржы
бөлімдеріне беруді қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының 3-тармағына сәйкес Атырау облысы қаржы
департаментінің сенімгерлікпен басқару жөнінде қабылдаған шарттары
бойынша құқықтық мұрагері аудандар мен Атырау қаласы
әкімияттарының қаржы бөлімдері болып табылады.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
Ж.Ә. Әкімжановқа жүктелсін.
6 6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он
күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.