О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан и признании утратившим силу постановления Правительства Республики Казахстан от 14 декабря 2004 года № 1317 "Некоторые вопросы Республиканского государственного предприятия "Информационно-производственный центр" Министерства внутренних дел Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан и признании утратившим силу постановления Правительства Республики Казахстан от 14 декабря 2004 года № 1317 "Некоторые вопросы Республиканского государственного предприятия "Информационно-производственный центр" Министерства внутренних дел Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Ақпараттық-өндірістік орталық" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы № 1317 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 736
- Қабылданған күні
- 30.06.2011
- Көрсетілген редакция
- 02.06.2016 AI59485_14.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100000736
- ЭКБ идентификаторы
- 59485
- Редакция идентификаторы
- AI59485_14
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:04
0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Ақпараттық-өндірістік орталық" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы № 1317 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2
2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы № 1317 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 624-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 маусымдағы
№ 736 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2016 № 326 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2 2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
3 3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.19 № 498 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
4 4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 852 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5 5. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
1 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
13-тармақтың 8) тармақшасы алып тасталсын;
14-тармақта:
бір жүз жиырма алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«азаматтық хал актілерін жазу органдарының кадрларын аттестаттау, іріктеу және орналастыру, олардың қызметінде бірыңғай құқық қолдану тәжірибесін қамтамасыз ету;»;
бір жүз жиырма жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«азаматтық хал актілерін жазу органдарын әдістемелік басқару;»;
бір жүз отыз екінші абзац алып тасталсын;
бір жүз отыз үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«заңды тұлғалардың сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізу;»;
бір жүз отыз бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз ету;».
2 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
реттік нөмірі 17-жол алып тасталсын.
6 6. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
1 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы жиырма жетінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыруды, сәйкестендіру нөмірлері бар жеке куәліктер мен паспорттар дайындауды және беруді, азаматтарды есепке алу мен тіркеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асыру;».
2 2) аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
2 «2. Мемлекеттік мекемелер» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік немірі 2-жолмен толықтырылсын:
2 «2. «Ақпараттық-өндірістік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорны».».
7 7. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 1, 6-құжат):
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
1-тармақта:
«әділет органдары» деген кіші бөліміндегі 1), 2), 3), 4) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай редакциядағы кіші бөліммен толықтырылсын:
«ішкі істер органдары:
1 1) Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру;
2 2) уақытша жеке куәлік беру;
3 3) Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу;
4 4) Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару.».
8 8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
9 9. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
2 2-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
2.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:
106307
Облыстық бюджеттер мен республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері есебінен ұсталатын ішкі істер органдарының әкімшілік полициясы, оның ішінде:
46469
Астана қаласының Ішкі істер департаменті
2781
Ақмола облысының Ішкі істер департаменті
2755
Ақтөбе облысының Ішкі істер департаменті
2387
Алматы қаласының Ішкі істер департаменті
4564
Алматы облысының Ішкі істер департаменті
2909
Атырау облысының Ішкі істер департаменті
1897
Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті
4495
Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті
2268
Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті
1989
Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті
5060
Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті
1774
Қостанай облысының Ішкі істер департаменті
2879
Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті
1916
Павлодар облысының Ішкі істер департаменті
2409
Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті
2154
Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті
4232
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:
43011
Ішкі әскерлердің құрамалары мен бөлімдері, оның ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер:
олардың ішінде Ішкі әскерлердің Әскери институтының курсанттары
23111
10482
880
Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы
630
Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы
467
Ақтөбе заң институты
156
Семей заң колледжі
115
Шымкент заң колледжі
157
Ішкі әскерлердің Әскери институты
492
Бастапқы даярлық училищесі
80
Емханасы бар орталық госпиталь
484
Аумақтық госпитальдар мен емханалар
1227
Кинологиялық орталық
64
«Оңтүстік» әскери және арнайы жабдықтау базасы
25
«Солтүстік» әскери және арнайы жабдықтау базасы
20
«Сұңқар» арнайы мақсаттағы жасақ
139
Автокөлік қызметін көрсету мекемесі
144
Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкі
826
Мамандандырылған күзет бөлімшелері
14606
Белгілі бір тұратын жері жоқ адамдарға арналған қабылдауыш-таратушылар
225
Есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы
43
.
11 11-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
11.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:
23575
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:
17605
Сот сараптамасы орталығы
609
Түзеу мекемелері
12496
Павлодар заң колледжі
185
Тергеу изоляторлары
3924
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің академиясы
255
Оқу орталығы
35
Қазақстан Республикасы Заң шығару институты
101
.