О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 14 июня 2004 года № 169/5 "О назначении социальной помощи выпускникам общеобразовательных школ из малообеспеченных семей и оставшимся без попечения родителей, для оплаты обучения в высших учебных заведениях области"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 14 июня 2004 года № 169/5 "О назначении социальной помощи выпускникам общеобразовательных школ из малообеспеченных семей и оставшимся без попечения родителей, для оплаты обучения в высших учебных заведениях области"
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" № 169/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 167/12
- Қабылданған күні
- 19.08.2009
- Көрсетілген редакция
- 25.12.2009 AI47866_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.12.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09P0003144
- ЭКБ идентификаторы
- 47866
- Редакция идентификаторы
- AI47866_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:31
0
Павлодар облысы әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" № 169/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес, жоғары оқу орындарында оқып жүрген аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан студенттерге, жетім студенттерге әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Облыс әкімдігінің 2005 жылғы 1 тамыздағы "Облыс әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" № 169/5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3042 болып тіркелген, 2005 жылғы 1 қазандағы "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінің N 111 санында жарияланған) № 249/6, 2005 жылғы 12 қыркүйектегі "Павлодар облысы әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" № 169/5 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3049 болып тіркелген, 2005 жылғы 29 қазандағы "Сарыарқа самалы" газетінің № 122 санында жарияланған) № 284/7, 2006 жылғы 9 тамыздағы "Облыс әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" № 169/5 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3072 болып тіркелген, 2006 жылғы 3 қазандағы "Сарыарқа самалы" газетінің № 114, 2006 жылғы 2 қыркүйектегі "Звезда Прииртышья" газетінің № 100 сандарында жарияланған) № 226/8, 2006 жылғы 19 қазандағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" № 169/5 қаулысына толықтыру енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3075 болып тіркелген, 2006 жылғы 18 қарашадағы "Сарыарқа самалы" газетінің № 134, 2006 жылғы 18 қарашадағы "Звезда Прииртышья" газетінің № 133 сандарында жарияланған) № 283/11, 2007 жылғы 10 тамыздағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" № 169/5 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3093 болып тіркелген, 2007 жылғы 23 тамыздағы "Сарыарқа самалы" газетінің № 98, 2007 жылғы 23 тамыздағы "Звезда Прииртышья" газетінің № 97 сандарында жарияланған) № 213/7, 2008 жылғы 20 тамыздағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" № 169/5 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3122 болып тіркелген, 2008 жылғы 6 қыркүйектегі "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінің № 99 санында жарияланған) № 220/8 қаулыларымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Павлодар облысы әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы орта білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2621 болып тіркелген, 2004 жылғы 8 шілдедегі "Сарыарқа самалы" газетінің № 80, 2004 жылғы 6 шілдедегі "Звезда Прииртышья" газетінің № 78 сандарында жарияланған) № 169/5 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының атауында және барлық мәтіні бойынша:
"түлектеріне" деген сөзден кейінгі "облыстың" деген сөз алынып тасталсын;
"тағайындау ережесі", "тағайындау ережесінде", "тағайындау ережесіне" деген сөздер тиісінше "тағайындау жөніндегі нұсқаулық", "тағайындау жөніндегі нұсқаулықта", "тағайындау жөніндегі нұсқаулыққа" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы екінші, үшінші абзацтар алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі ереженің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Нұсқаулық аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау тәртібін нақтылайды";
Ереженің 2-тарауының атауында "тәртібі" деген сөз "шарты" деген сөзбен ауыстырылсын;
Ереженің 3-қосымшасында:
7-тармақтың 8-тармақшасындағы "жоғары оқу орнынан шығып қалған, сондай-ақ" деген сөздер алынып тасталсын.