О внесении изменений и дополнений в решение внеочередной седьмой сессии Петропавловского городского маслихата от 14 июля 2004 года № 6 "О Правилах предоставления малообеспеченным гражданам жилищной помощи на содержание жилья и оплату коммунальных услуг"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение внеочередной седьмой сессии Петропавловского городского маслихата от 14 июля 2004 года № 6 "О Правилах предоставления малообеспеченным гражданам жилищной помощи на содержание жилья и оплату коммунальных услуг"
- Атауы (қаз.)
- "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс жетінші сессиясының № 6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5
- Қабылданған күні
- 15.12.2007
- Көрсетілген редакция
- 18.01.2016 37079_205165.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07SA000111
- ЭКБ идентификаторы
- 37079
- Редакция идентификаторы
- 37079_205165
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:35
0 "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс жетінші сессиясының № 6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 Заңының 97 бабына 2 тармағына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс жетінші сессиясының "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері туралы" № 6 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Аталған шешіммен бекітілген Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелерінде:
тақырыбы төмендегідей мазмұндалсын:
"Отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелерінің"
5 тармақтағы:
"барлық отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар көшірмесін ұсынады" сөздері алынып тасталсын;
6 тармағы төмендегідей мазмұндалсын:
"6. Өтінішке қоса мынадай құжаттар қоса берілсін:
1) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі (жылына 1 рет);
2) алдағы жүгіну тоқсаны үшін өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің табысы туралы мәлімет;
3) соңғы жүгіну тоқсаны үшін жұмсалған шығындар және коммуналдық шығындар үшін нақты төлем туралы мәліметтер.
Қабылдауда өзімен бірге мына құжаттар болуы керек:
1) өтініш берушінің және оның барлық отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар (оның ішінде балалардың тууы туралы куәліктер);
2) пәтердің техникалық паспорты, келісімшарт (жекешелендіру, сату-сатып алу, ауысу, сыйлау) және мұрагерлік құқығы туралы куәлік, тіркеу куәлігі, пәтер ордері;
3) зейнеткерлер мен мүгедектерге зейнеткерлік куәлігі және жинақ кітапшасы;
4) азаматтарды тіркеу кітабы;
5) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (жылына 1 рет);
6) некесі бұзылған тұлғалар неке бұзылғаны туралы куәлік (жылына 1 рет);
Тұрғын үй көмегін тағайындауға қажетті құжаттардың көшірмесі мен түпнұсқасы салыстыру үшін бірге ұсынылады да, содан кейін өтініш берушіге түп нұсқасы қайтарылып беріледі.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, өтініш беруші мен отбасы мүшелері өтініште көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшін жауап береді.
13 тармақ төмендегідей мазмұндалсын:
"13. Бөлім тиісті органдардан меншігінде тұрғын болуын растайтын мәліметтер сұратады (екі жылда 1 рет).