Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение внеочередной седьмой сессии Петропавловского городского маслихата от 14 июля 2004 года № 6 "О Правилах предоставления семьям (гражданам) жилищной помощи на содержания жилья и оплату коммунальных услуг"

Ереже · № 5 · қабылданған 07.04.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2004-no-6-ekb-52573/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение внеочередной седьмой сессии Петропавловского городского маслихата от 14 июля 2004 года № 6 "О Правилах предоставления семьям (гражданам) жилищной помощи на содержания жилья и оплату коммунальных услуг" Күшін жойған Ереже ·№ 5 ·07.04.2010
18.01.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение внеочередной седьмой сессии Петропавловского городского маслихата от 14 июля 2004 года № 6 "О Правилах предоставления семьям (гражданам) жилищной помощи на содержания жилья и оплату коммунальных услуг"

Күшін жойған Ереже ·№ 5 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение внеочередной седьмой сессии Петропавловского городского маслихата от 14 июля 2004 года № 6 "О Правилах предоставления семьям (гражданам) жилищной помощи на содержания жилья и оплату коммунальных услуг"
Атауы (қаз.)
"Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс жетінші сессиясының № 6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
5
Қабылданған күні
07.04.2010
Көрсетілген редакция
18.01.2016 52573_205177.kaz
Соңғы өзгеріс
18.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10SA000181
ЭКБ идентификаторы
52573
Редакция идентификаторы
52573_205177
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:35

0 "Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс жетінші сессиясының № 6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңы 97-бабының 2-тармағына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. «Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс жетінші сессиясының № 6 шешіміне (2004 жылғы 17 тамызда Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімде тіркелген № 1327, «Добрый вечер» газетінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 3 санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелерінде:
2 тармақтағы «(жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа)» сөздері «кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға» сөздерімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1 тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үй ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.»;
бірінші азат жолда 3 тармақтағы «пәтер үйді ұстауға төлеу», «пәтер үйді ұстауға төлеу» сөздерінен кейін «кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға» сөздерімен ауыстырылсын;
3-1 тармағындағы «жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін» сөздері алынып тасталсын;
4 тармақтың 3) тармақшасындағы «І және ІІ топтардағы мүгедектерді» деген сөздерден кейін «он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар» сөздерімен толықтырылсын»;
6 тармақта:
мынадай мазмұндағы 4), 5), 6), 7), 8) 9), 10), 11) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жылына 1 рет);
5) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі (жылына 1 рет);
6) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі (жылына 1 рет);
7) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
8) жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
9) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
10) кондоминиум объектісінің құқықты орнату мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
11) меншік иелерінің (пәтерлердің) жеке тұлғалар үшін басқару органы кондоминиум объектісін сайлау туралы жиналыс хаттамасының көшірмесі;
заң тұлғалары үшін – заң тұлғаларының мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
кондоминиум объектісінің үшінші (бөгде) тұлғалар болған жағдайда - кондоминиум объектісін басқару шартының көшірмесі.»;
6-1 тармағы мынадай редакцияда мазмұндалсын:
«6-1. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу шығындарының өтемақысына құқығы бар отбасылар (тұлғалар), осы Ереженің 6 тармағында қарастырылған құжаттардан басқа, қосымша ұсынады:
1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу қажеттігі көрсетілген тұрғын үй инспекциясының қорытындысының көшірмесі және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу жекелеген түрлерін жүргізуге арналған келісілген шығыстар сметасының кондоминиум объектісін басқару органында болуы;
2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссия қорытындысының көшірмесі;
3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жекелей күрделі жөндеу жұмысын жүргізуге тұрғын үй иесі, тұрғын үй иелерінің кооперативі және жөндеу жұмыстарын жүргізетін ұйым арасындағы жасалған шарт көшірмесі.»;
12-1 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«12-1. Күрделі жөндеу үшін төлемдер өтініш берушінің өтініші негізінде кондоминиум объектісін басқарушы тіркелген органның есеп шотына тиісті соманы аудару жолымен жүргізіледі.»
16 тармақтағы бірінші азат жол алынып тасталсын;
17 тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
«17. Тұрғын үй жәрдемақысын аудару үшін қабылданатын отбасы жиынтық табысын есептеген жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, бала туғанда және қайтыс болғандағы біржолғы жәрдемақыдан басқа барлық табыстар ескеріледі».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарыққа шыққан күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

Қолданыстағы