Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 сентября 2004 года № 959

Қаулы · № 1214 · қабылданған 15.12.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2004-no-959/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении дополнения и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 сентября 2004 года № 959 Күшін жойған Қаулы ·№ 1214 ·15.12.2006
26.01.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 сентября 2004 года № 959

Күшін жойған Қаулы ·№ 1214 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 сентября 2004 года № 959
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 14 қыркүйектегi № 959 қаулысына толықтыру мен өзгерiстер енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1214
Қабылданған күні
15.12.2006
Көрсетілген редакция
26.01.2009 AI30703_2.kaz
Соңғы өзгеріс
26.01.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P060001214_
ЭКБ идентификаторы
30703
Редакция идентификаторы
AI30703_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:28

0 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 14 қыркүйектегi N 959 қаулысына толықтыру мен өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. "Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 14 қыркүйектегi N 959 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 35, 460-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерiстер енгiзiлсін:

көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау ережесінде :
2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Бюджеттiк сыныптама шоғырландырылған бюджет үшiн бiрыңғай және мiндеттi әрi республиканың стратегиялық, орта мерзiмдi бағдарламалары мен даму жоспарларының, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң теңдестiрiлуiне қол жеткiзу мақсатында олардың көрсеткiштер жүйесiн үйлестiру құралдарының бiрi болып табылады.";
11-тармақтың бесiншi абзацындағы "ресми" деген сөз алынып тасталсын;
13-тармақтағы "республикада мемлекеттiк саясатты" деген сөздер "республиканың стратегиялық, орта мерзiмдi бағдарламалары мен даму жоспарларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Функционалдық топ елдiң стратегиялық даму басымдықтарына сай келетiн және олардың әрқайсысының айқын мақсатын көрсететiн елдiң негiзгi даму бағыттарын көрсетедi. Сыныптамалық коды 2 белгiден тұрады.";
16-тармақтың он алтыншы абзацындағы "Ресми" деген сөз алынып тасталсын;
17-тармақтағы "бюджет қаражатының функционалдық топ iшiнде жұмсалу бағытын" деген сөздер "ел дамуының әрбiр стратегиялық басымдығы жөнiндегi мiндеттер тобын функционалдық топ iшiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Бюджеттiк бағдарлама - мемлекеттiк басқару функцияларын, республиканың немесе өңiрдiң стратегиялық, орта мерзiмдi бағдарламалары мен даму жоспарларын iске асыру үшiн қабылданған, бюджет қаражатымен қамтамасыз етiлетiн мiндеттер. Сыныптамалық коды 3 белгiден тұрады.";
24-тармақтың екiншi және үшiншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"Ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар - нәтижелерi:
1) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес тұрақты сипаты бар мемлекеттiк басқару функциялары мен мемлекет мiндеттемелерiн орындау жөнiндегi қызметiн қамтамасыз етуге;
2) республиканың немесе өңiрдiң стратегиялық, орта мерзiмдi бағдарламалары мен даму жоспарларының мақсатына қол жеткiзуге, нақты мiндеттерi мен iс-шараларын шешуге бағытталған бюджеттiк бағдарламалар.
Бюджеттiк даму бағдарламалары - нәтижелері республиканың немесе өңiрдiң стратегиялық, орта мерзiмдi бағдарламаларының, даму жоспарларының мақсатына қол жеткiзу дәрежесiне, мiндеттерi мен iс-шараларын шешуге тiкелей ықпал ететiн, экономикалық пайда немесе әлеуметтiк-экономикалық әсер алуға бағытталған бюджеттiк бағдарламалар.".

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы