Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 сентября 2004 года № 965 "О некоторых мерах по обеспечению информационной безопасности в Республике Казахстан"

Қаулы · № 244 · қабылданған 14.03.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2004-no-965-ekb-71811/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 сентября 2004 года № 965 "О некоторых мерах по обеспечению информационной безопасности в Республике Казахстан" Күшін жойған Қаулы ·№ 244 ·14.03.2013
20.12.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 сентября 2004 года № 965 "О некоторых мерах по обеспечению информационной безопасности в Республике Казахстан"

Күшін жойған Қаулы ·№ 244 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 сентября 2004 года № 965 "О некоторых мерах по обеспечению информационной безопасности в Республике Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсiздiкті қамтамасыз ету жөнiндегi кейбiр шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 965 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
244
Қабылданған күні
14.03.2013
Көрсетілген редакция
20.12.2016 AI71811_2.kaz
Соңғы өзгеріс
20.12.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300000244
ЭКБ идентификаторы
71811
Редакция идентификаторы
AI71811_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:29

0 "Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсiздiкті қамтамасыз ету жөнiндегi кейбiр шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 965 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсiздiкті қамтамасыз ету жөнiндегi кейбiр шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 965 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

1-тармақтың 4) тармақшасындағы "деп белгілесін." деген сөздер ";" белгісімен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
"5) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің қорғалуын қолдау мақсатында:
арнаулы мемлекеттік органдардың желілерін, арнайы мақсаттағы телекоммуникация және/немесе қорғаулы байланыс желілерін, қорғаулы орындаудағы ақпараттық жүйелерді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің желілерін қоспағанда, мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық-коммуникациялық және жергілікті желілерін өзара қосу Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы (бұдан әрі – МО БКО) арқылы жүзеге асырылады;
мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық-коммуникациялық және жергілікті желілерін Интернет желісіне қосылған басқа техникалық құралдарға қосуға жол берілмейді;
мемлекеттік органдарды және олардың аумақтық бөлімшелерін Интернет желісіне қосуды мемлекеттік органдарға арналған Интернет желісіне қолжетімділіктің бірыңғай шлюзі арқылы байланыс операторлары жүзеге асырады;
мемлекеттік органдарды және олардың аумақтық бөлімшелерін Интернет желісіне қосу МО БКО-ға қосылған ақпараттық-коммуникациялық және жергілікті желілермен түйістірілмей жүзеге асырылады;
Интернет желісі арқылы мемлекеттік қызметтерді ұсынуды қамтамасыз ететін мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі мемлекеттік органдарға арналған Интернет желісіне қолжетімділіктің бірыңғай шлюзі арқылы жүзеге асырылады;
арнаулы және құқық қорғау мемлекеттік органдары жедел мақсатта, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мемлекеттік органдарға арналған Интернет желісіне қолжетімділіктің бірыңғай шлюзін пайдаланбай, Интернет желісіне қосылуды ұйымдастыруы мүмкін;
6) мемлекеттік органдарға арналған Интернет желісіне қолжетімділіктің бірыңғай шлюзінің құралдарымен қолжетімділігі шектелген интернет-ресурстар санаттарының тізбесін мемлекеттік органның өзі айқындайды деп белгіленсін.
Көрсетілген тізбе мен Интернет желісіне қолжетімділік алатын мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық-коммуникациялық желілерінің желілік мекенжайларының тізімі осы қаулыға қосымшаға сәйкес мемлекеттік техникалық қызметке орындау үшін жіберіледі.";
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
"2-1. Орталық және жергілікті атқарушы, өзге де мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелері 1-тармақтың 5) тармақшасында жазылған шарттарды ескере отырып:
1) өздерінің ақпараттық-коммуникациялық және жергілікті желілерін өзара МО БКО арқылы ғана қосуды;
2) Интернет қызметтерін мемлекеттік органдарға арналған Интернет желісіне қолжетімділіктің бірыңғай шлюзі және МО БКО-ға қосылған ақпараттық-коммуникациялық және жергілікті желілермен түйіспей алуды қамтамасыз етсін.
2-2. Осы қаулының 1-тармағының 5) тармақшасының және 2-1-тармағының 1) тармақшасының талаптары құпия ақпарат өңделетін, сақталатын, берілетін немесе айналымда жүретін ақпараттық-коммуникациялық және жергілікті желілерге және басқа да ақпараттық жүйелерге және/немесе есептеу техникасы құралдарының объектілеріне қолданылмайды.".

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қолжетімділігіне тыйым салынған Интернет желісінің интернет-ресурстары санаттарының тізбесі

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2013 жы­л­ғы 14 на­уры­зда­ғы
№ 244 қа­улы­сы­на
қо­сым­ша
Қолжетімділігіне тыйым салынған Интернет желісінің интернет-ресурстары санаттарының тізбесі

Са­нат ата­уы
Орыс ті­ліне аудар­ма
Бл­ок­та­ла­тын
Министр
* мемлекеттік органдарға арналған Интернет желісіне қолжетімділіктің бірыңғай шлюзінің құралдарымен қолжетімділігі шектелген интернет-ресурстар санаттарының тізбесін мемлекеттік органның өзі айқындайды.

Қолданыстағы