О внесении изменения в решение Петропавловского городского маслихата от 14 июля 2004 года №6 «О Правилах предоставления семьям (гражданам) жилищной помощи на содержание жилья и оплату коммунальных услуг»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Петропавловского городского маслихата от 14 июля 2004 года №6 «О Правилах предоставления семьям (гражданам) жилищной помощи на содержание жилья и оплату коммунальных услуг»
- Атауы (қаз.)
- «Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі № 6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 28.10.2015
- Көрсетілген редакция
- 18.01.2016 96960_205163.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15SA003472
- ЭКБ идентификаторы
- 96960
- Редакция идентификаторы
- 96960_205163
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:51
0 «Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі № 6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі «Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережесі туралы» № 6 шешіміне (Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 17 тамызда № 1327 тіркелді, 2004 жылғы 03 қыркүйектегі № 36 «Добрый вечер» газетінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Мемлекеттік тілдегі тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну қағидалары туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі № 6 шешімі»;
Мемлекеттік тілдегі аталған шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қоса берілген аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Қағидасы бекітілсін»;
Аталған шешіммен бекітілген Отбасыларға (азаматтарға) етілген пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелеріндегі мемлекеттік тілдегі мәтін атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну қағидалары»;
Мемлекеттік тілдегі Ереженің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы қағида пәтер үй көмегін тағайындау тәртібі мен жағдайын анықтайды»;
Мемлекеттік тілдегі Ереженің 3-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Қағиданың 3-тармағына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар отбасылар (тұлғалар), кондоминиумның жалпы мүліктеріне күрделі жөндеуге жұмсалған шығындарға өтем ақы алуға құқығы бар».
Орыс тіліндегі мәтін өзгертусіз қалсын.