О внесении изменений в решение Степногорского маслихата от 14 июля 2005 года N 3С-18/11 "Об утверждении Правил застройки города Степногорска и поселков"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Степногорского маслихата от 14 июля 2005 года N 3С-18/11 "Об утверждении Правил застройки города Степногорска и поселков"
- Атауы (қаз.)
- Степногорск қалалық мәслихатының 2005 жылғы 14 шілдедегі N 4С-18/11 "Степногорск қаласы мен кенттердің құрылыс ережелерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4С-13/9
- Қабылданған күні
- 20.11.2008
- Көрсетілген редакция
- 02.07.2012 43213_204706.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.07.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08BB000099
- ЭКБ идентификаторы
- 43213
- Редакция идентификаторы
- 43213_204706
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:33
0 Степногорск қалалық мәслихатының 2005 жылғы 14 шілдедегі N 4С-18/11 "Степногорск қаласы мен кенттердің құрылыс ережелерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Степногорск қалалық мәслихатының 2005 жылғы 14 шілдедегі № 4С-18/11 "Степногорск қаласы мен кенттердің құрылыс ережелерін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің аймақтық тізілімінде № 1-2-14 тіркелген, "Престиж" газетінде 2005 жылғы 1 қыркүйекте жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:
1 1) Барлық мәтін бойынша "Қала құрылысы және құрылыс бөлімі" деген сөз "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" деген сөзбен ауыстырылсын;
2 2) Степногорск қаласы мен кенттердің құрылыс ережелерінің 4 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Қала аумағында құрылыстар мен ғимараттар салу, обьектілерді көркейту және көгалдандыру мемлекеттік сараптама, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, өртке қарсы қызметі, төтенше жағдай және қоршаған ортаны қорғау органдарының оң қорытындысы, ал шағын аудандар ішінде құрылыс салған жағдайда Шағын аудандар қоғамдық кеңесінің, Степногорск қаласының заңды тұлғаларының "Нұр Орда" қоғамдық бірлестігінің оң қорытындысы болған жағдайда "Сәулет және қала құрылысы" мемлекеттік мекемесі бекіткен жоспарлар бойынша іске асырылады. Тұрғын үйлердегі тұрғын жайды және үй-жайды қалпына келтіру, қайта жобалау, қайта жабдықтау, тұрғын массивіндегі (шағын аудандағы) жеке тұрған обьектіні қалпына келтіру, қайта жобалау, қайта жабдықтау, мақсатты бағытта өзгерту Шағын аудандар қоғамдық кеңесінің, Степногорск қаласының заңды тұлғаларының "Нұр Орда" қоғамдық бірлестігінің қоғамдық талқылауы және оң қорытындысын алған соң және қала құрылысы кеңесі мен қала әкімдігінде қаралған соң жүргізіледі. Құрылыс салу үшін жер телімін таңдауды жер құрылысы және қала құрылысы регламенттеріне сәйкес сәулет және қала құрылысы органымен бірге отырып жер ресурстарын басқару бойынша аумақтық басқармасы іске асырады. Жер телімін таңдаудың нәтижесі құрылыс салу үшін жер телімін таңдау туралы, қажет болған жағдайда оның күзет және санитарлық-қорғау аймағы жөніндегі актімен ресімделеді. Аталмыш актіге жер телімін таңдаудың мүмкін болатын нұсқаларына сәйкес әрбір жер телімінің шекарасының жобасы қоса беріледі. Жер телімін таңдау актісін, жер телімінің шекарасының жобасын әзірлеу 30 күннен асырмай жүргізіледі.