О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 января 2005 года № 14 "Об утверждении Положения Агентства Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 января 2005 года № 14 "Об утверждении Положения Агентства Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы № 14 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1391
- Қабылданған күні
- 01.11.2012
- Көрсетілген редакция
- 08.02.2013 AI68341_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.02.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200001391
- ЭКБ идентификаторы
- 68341
- Редакция идентификаторы
- AI68341_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:01
0 "Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы № 14 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы № 14 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 1, 7-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі туралы ережеде:
15-тармақта:
12), 17), 24), 37) тармақшалар алынып тасталсын;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарды белгілейтіндерін қоспағанда, геодезия және картография саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:
«26-1) геодезия және картография саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау;»;
мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:
«30-1) геодезия және картография саласындағы анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар беру;»;
37-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«37-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік жер кадастрында қамтылған жер пайдаланушылар және жер учаскелері жөніндегі мәліметтерді салық қызметі органдарына беру;»;
мынадай мазмұндағы 37-2), 37-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«37-2) геодезиялық және картографиялық қызметтің басталуы туралы хабарлама берген субъектілердің тізілімін жүргізу;
37-3) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулерді жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;».