Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 14 декабря 2005 года № 155 «О бюджете Аулиекольского района на 2006 год»

Өзге акт · № 220 · қабылданған 01.11.2006
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2005-no-155-2006/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 14 декабря 2005 года № 155 «О бюджете Аулиекольского района на 2006 год» Қолданыста 01.11.2006 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 14 декабря 2005 года № 155 «О бюджете Аулиекольского района на 2006 год»

Қолданыста Өзге акт № 220 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 14 декабря 2005 года № 155 «О бюджете Аулиекольского района на 2006 год»
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2005 жылғы 14 желтоқсандағы № 155 «Әулиекөл ауданының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
220
Қабылданған күні
01.11.2006
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2006
Көрсетілген редакция
01.11.2006 30166_288741.kaz
Соңғы өзгеріс
01.11.2006
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V06NG000045
ЭКБ идентификаторы
30166
Редакция идентификаторы
30166_288741
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:42
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.11.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Мәслихаттың 2005 жылғы 14 желтоқсандағы № 155 «Әулиекөл ауданының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының, Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің, Қостанай облыстық мәслихатының 2006 жылғы 27 қазандағы № 359 «Қостанай облыстық мәслихатының 2005 жылғы 6 желтоқсандағы № 258 «2006 жылға арналған Қостанай облысының облыстық бюджеті туралы» мемлекеттік тіркеу нөмірі 3529» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімінің және Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 30 қазандағы № 253 қаулысының негізінде Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Мәслихаттың 2005 жылғы 14 желтоқсандағы № 155 «Әулиекөл ауданының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-7-24, аудандық «Әулиекөл» газетінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 52 санында жарияланған), бұрын мәслихаттың 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 163 «Мәслихаттың 2005 жылғы 14 желтоқсандағы № 155 «Әулиекөл ауданының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімімен, 2006 жылғы 29 сәуірдегі № 193 «Мәслихаттың 2005 жылғы 14 желтоқсандағы № 155 «Әулиекөл ауданының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімімен, 2006 жылғы 1 тамыздағы № 206 «Мәслихаттың 2005 жылғы 14 желтоқсандағы № 155 «Әулиекөл ауданының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімімен өзгерістер енгізілген:
Айтылған шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Ауданның 2006 жылға арналған бюджеті 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 1010235 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 366371 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 2861 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 3114 мың теңге;
алынған ресми трансферттер - 637889 мың теңге, оның ішінде:
облыстық бюджеттен субвенция - 386899 мың теңге;
2) шығындар - 1007845 мың теңге;
3) операциялық сальдо - 2390 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредиттеу - 0;
5) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 3000 мың теңге;
6) бюджет тапшылығы - 610 мың теңге;
7) бюджет тапшылығын 610 мың теңге сомасында қаржыландыру, қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының бос қалдығын тарту есебінен жүргізіледі».
Осы шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Ауданның 2006 жылға арналған бюджетінде аз қамтылған отбасылардың балаларына 26883 мың теңге сомасында мемлекеттік жәрдемақы төлеуге, соның ішінде республикалық бюджеттен трансферттер есебінен 25114 мың теңге сомасында, аудан бюджеті қаражаты есебінен 1769 мың теңге сомасында шығыс көзделгені ескерілсін»;
Осы шешімнің 5-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Ауданның 2006 жылға арналған бюджетінде Құсмұрын поселкесінің кәрізін қайта жайта жаңартуға облыстық бюджеттен 84605 мың теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін».
Осы шешімнің 5-1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«5-1. Республикалық бюджеттен бөлінген 70018 мың теңге сомасындағы нысаналы трансферттер жіберілетіні ескерілсін:
мұқтаж мүгедектерді арнайы гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге 621 мың теңге сомасында;
жеке көмекшілердің қызмет көрсетуіне 636 мың теңге сомасында;
білім беру ұйымдарының бірүлгі штаттарын ұстауға 29387 мың теңге сомасында;
жаңадан іске қосылатын білім беру объектілерін ұстауға 6458 мың теңге сомасында;
жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің кітапхана қорларын жаңарту үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алуға және жеткізуге 2740 мың теңге сомасында;
жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиялық кабинеттер жасауға 6975 мың сомасында;
балалардың тамақтануын, тұруын және тестілеу пунктілеріне жеткізілуін ұйымдастыруға 718 мың теңге сомасында;
жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерді Интернетке қосуға және олардың трафигін төлеуге 3457 мың теңге сомасында;
мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттікті шектеу шегінде әкімшілік функцияларын тапсыруға 2618 мың теңге, оның: Әулиекөл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі бойынша 1312 мың теңге, Әулиекөл ауданының жер қатынастары бөлімі бойынша 1306 мың теңге;
мемлекеттік коммуналдық тұрғын-үй қорының тұрғын үйлерін салуға 12178 мың теңге сомасында;
жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің физика, химия, биология кабинеттерін 2006 жылға оқу жабдықтарымен жарақтандыруға 7727 мың теңге сомасында».
Осы шешімнің 7-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2006 жылға арналған резерві 50 мың теңге сомасында бекітілсін, соның ішінде:
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға 50 мың теңге сомасында.
Осы шешімнің 1-қосымшасы 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2006 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізіледі.

Әулиекөл ауданының 2004 жылға арналған бюджеті

Мәслихаттың

2006 жылғы 1 қарашадағы

№ 220 шешіміне

1-қосымша

Әулиекөл ауданының 2004 жылға арналған бюджеті

2006 жылға арналған Әулиекөл ауданы бюджетінің бюджеттік даму бағдарламалардың тізбесі

Мәслихаттың

2006 жылғы 1 қарашадағы

№ 220 шешіміне

2-қосымша

2006 жылға арналған Әулиекөл ауданы бюджетінің бюджеттік даму бағдарламалардың тізбесі

2006 жылға арналған Әулиекөл ауданының бюджетін атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі

Мәслихаттың

2006 жылғы 1 қарашадағы

№ 220 шешіміне

3-қосымша

2006 жылға арналған Әулиекөл ауданының бюджетін атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі