Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение Степногорского городского маслихата от 14 июля 2005 года № 3С-18/11 "Об утверждении Правил застройки города Степногорска и поселков"

Ереже · № 4С-18/9 · қабылданған 31.03.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2005-no-3-1811/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в решение Степногорского городского маслихата от 14 июля 2005 года № 3С-18/11 "Об утверждении Правил застройки города Степногорска и поселков" Күшін жойған Ереже ·№ 4С-18/9 ·31.03.2009
02.07.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.07.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение Степногорского городского маслихата от 14 июля 2005 года № 3С-18/11 "Об утверждении Правил застройки города Степногорска и поселков"

Күшін жойған Ереже ·№ 4С-18/9 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение Степногорского городского маслихата от 14 июля 2005 года № 3С-18/11 "Об утверждении Правил застройки города Степногорска и поселков"
Атауы (қаз.)
Степногорск қалалық мәслихатының 2005 жылғы 14 шілдедегі № 3С-18/11 "Степногорск қаласы мен кенттердің құрылыс ережелерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4С-18/9
Қабылданған күні
31.03.2009
Көрсетілген редакция
02.07.2012 45986_200803.kaz
Соңғы өзгеріс
02.07.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09BB000110
ЭКБ идентификаторы
45986
Редакция идентификаторы
45986_200803
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:29

0 Степногорск қалалық мәслихатының 2005 жылғы 14 шілдедегі № 3С-18/11 "Степногорск қаласы мен кенттердің құрылыс ережелерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 22 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Степногорск қалалық мәслихатының 2005 жылғы 14 шілдедегі № 3С-18/11 «Степногорск қаласы мен кенттердің құрылыс ережелерін бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-2-14 тіркелген, № 35 «Престиж» газетінде 2005 жылғы 1 қыркүйекте жарияланған) (Степногорск қалалық мәслихатының 2008 жылғы 20 қарашадағы № 4С-13/9 «Степногорск қалалық мәслихатының 2005 жылғы 14 шілдедегі № 3С-18/11 «Степногорск қаласы мен кенттердің құрылыс ережелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-2-99 тіркелген, № 2 «Вечерний Степногорск» және № 2 «Степногорск ақшамы» газеттерінде 2009 жылғы 16 қаңтарда жарияланған) шешімімен өзгерістер енгізілген) келесі өзгерістер енгізілсін:

1

1) Барлық мәтін бойынша «Жер ресурстарын басқару бойынша аумақтық басқармасы» деген сөз «Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Ақмола мемлекеттік жерге орналастыру жөніндегі институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының Степногорск қалалық жер-кадастрлық филиалы» деген сөзбен ауыстырылсын;

2 2. Степногорск қаласы мен кенттердің құрылыс ережелерінің 4 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«4. Қала аумағында құрылыстар мен ғимараттар салу, обьектілерді көркейту және көгалдандыру мемлекеттік сараптама, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, өртке қарсы қызметі, төтенше жағдай және қоршаған ортаны қорғау органдарының оң қорытындысы, ал шағын аудандар ішінде құрылыс салған жағдайда нақты шағын аудан аумағында орналасқан қоғамдық бірлестіктің пікірін (отырыста талқылап, хаттама ресімдеу жолымен) есепке ала отырып енгізілген ұсыныс (ұсыну сипатындағы) болған жағдайда «Степногорск қаласының сәулет және қала құрылысы» мемлекеттік мекемесі бекіткен жоспарлар бойынша іске асырылады.
Тұрғын үйлердегі тұрғын жайды және үй-жайды қалпына келтіру, қайта жобалау, қайта жабдықтау, тұрғын массивіндегі (шағын аудандағы) жеке тұрған обьектіні қалпына келтіру, қайта жобалау, қайта жабдықтау, мақсатты бағытта өзгерту нақты шағын аудан аумағында орналасқан қоғамдық бірлестіктің пікірін (отырыста талқылап, хаттама ресімдеу жолымен) және қала құрылысы кеңесінің пікірін есепке ала отырып жүргізіледі, шешімді қала әкімдігі қабылдайды. Құрылыс салу үшін жер телімін таңдауды жер құрылысы және қала құрылысы регламенттеріне сәйкес «Сәулет және қала құрылысы» мемлекеттік мекемесі, «Жер ресурстарын басқару бойынша аумақтық басқармасы» деген сөз «Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Ақмола мемлекеттік жерге орналастыру жөніндегі институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының Степногорск қалалық жер-кадастрлық филиалы» мемлекеттік мекемесімен біріге отырып «Степногорск қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі іске асырады. Жер телімін таңдаудың нәтижесі құрылыс салу үшін жер телімін таңдау туралы, қажет болған жағдайда оның күзет және санитарлық-қорғау аймағы жөніндегі актімен ресімделеді. Аталмыш актіге жер телімін таңдаудың мүмкін болатын нұсқаларына сәйкес әрбір жер телімінің шекарасының жобасы қоса беріледі. Жер телімін таңдау актісін, жер телімінің шекарасының жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасының Заңнамасында белгіленген мерзімде жүргізіледі.

3

3. Степногорск қалалық мәслихатының 2009 жылғы 03 ақпандағы № 4С-15/4 Степногорск қалалық мәслихатының 2005 жылғы 14 шілдедегі № 3С-18/11 «Степногорск қаласы мен кенттердің құрылыс ережелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі Степногорск қаласының Әділет басқармасында тіркеуден өтпеуіне байланысты күші жойылсын.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қаланың коммуналдық инфрақұрылымын дамыту, бюджеттік саясат және қаржы жөніндегі қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.

5 5. Осы шешім Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген соң күшіне енеді және ресми жарияланғаннан соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Степногорск
қаласының әкімі А. Никишов

Қолданыстағы