О внесении изменений в постановление акимата Тарановского района от 14 февраля 2005 года № 36 «Об утверждении инструкции по организации и финансированию общественных работ» Қолданыста
Басқа 0
"Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Таран ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 14 ақпандағы № 36 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру жөніндегі Ережелердің 4 тарауына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2005 жылғы 10 наурыздағы № 3366, "Шамшырақ" 2005 жылғы 23 наурыздағы № 12) Таран ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 14 ақпандағы № 36 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықтың:
10 тармағындағы "төменгі жалақы"' сөзі "1,5 (бір жарым) төменгі жалақылар" сөзіне ауыстырылсын;
13 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"13. Қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшін жұмыссыздарға есептелген жалақыға заңнамада белгіленген тәртіппен салық салынады".
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.