О внесении изменений в постановление акимата района от 14 марта 2005 года № 63 «Об утверждении Правил предоставления социальной помощи на санаторно-курортное лечение отдельным категориям граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата района от 14 марта 2005 года № 63 «Об утверждении Правил предоставления социальной помощи на санаторно-курортное лечение отдельным категориям граждан»
- Атауы (қаз.)
- «Жеке санаттағы азаматтардың санаторлы-курорттық емдеулеріне әлеуметтік көмек беру Ережесін бекіту туралы» аудан әкімдігінің 2005 жылғы 14 наурыздағы № 63 қаулысына өзгерту енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 45
- Қабылданған күні
- 11.03.2007
- Көрсетілген редакция
- 10.12.2024 32791_743322.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07SG000049
- ЭКБ идентификаторы
- 32791
- Редакция идентификаторы
- 32791_743322
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:59
0 «Жеке санаттағы азаматтардың санаторлы-курорттық емдеулеріне әлеуметтік көмек беру Ережесін бекіту туралы» аудан әкімдігінің 2005 жылғы 14 наурыздағы № 63 қаулысына өзгерту енгізу туралы
«Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Рсопубликасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
«Жеке санаттағы азаматтардың санаторлы-курорттық емделулеріне әлеуметтік көмек беру Ережесін бекіту туралы» Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 14 наурыздагы № 63 қаулысына (2005 жылғы 31 наурыздағы тіркеу нөмірі 1563, «Ауыл арайы-Сельская новь» 2005 жылғы 3 маусымдағы № 24, 2005 жылғы 13 мамырдағы № 21) келесі өзгерістер енгізілсін:
осы қаулымен бекітілген жеке санаттағы азаматтардың санаторлы-курорттық емделулеріне әлеуметтік көмек беру Ережесінің:
1-тармағы мына редакцияда баяндалсын:
«1. Жеке санаттағы азаматтардың санаторлы-курорттық емделулеріне әлеуметтік төлемдерді ұсынудың осы Ережесі (әріде- Ереже) санаторияларда, профилакторияда және пансионаттарда тегін санаторлы-курорттық емделуден өту үшін жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлем беру тәртібі мен шарттарын анықтайды».