О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 марта 2006 года N 155
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 марта 2006 года N 155
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы N 155 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 458
- Қабылданған күні
- 16.05.2008
- Көрсетілген редакция
- 08.09.2015 AI39604_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.09.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P080000458_
- ЭКБ идентификаторы
- 39604
- Редакция идентификаторы
- AI39604_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:28
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы N 155 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы N 155 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 8, 71-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Аэронавигация саласында:
әуе кеңістігіндегі әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету;
әуеайлақ маңындағы әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету.";
9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) әуежайлардың қызметтері:
әуе кемесінің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету;
авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
қону әуежайында өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүктер (почталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін 3 сағаттан және жүк тасымалдайтын және жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған үлгілері үшін 6 сағаттан астам тұрақ орнын беру;
әуе кемесіне базалық әуеайлақта тұрақ орнын беру;
жолаушыларды тіркеуге арналған жұмыс орнын (алаңын) беру.".