О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 марта 2006 года № 155 "Об утверждении Перечня регулируемых услуг (товаров, работ) субъектов естественных монополий"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 марта 2006 года № 155 "Об утверждении Перечня регулируемых услуг (товаров, работ) субъектов естественных монополий"
- Атауы (қаз.)
- «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 966
- Қабылданған күні
- 26.08.2011
- Көрсетілген редакция
- 08.09.2015 AI60276_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.09.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100000966
- ЭКБ идентификаторы
- 60276
- Редакция идентификаторы
- AI60276_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:43
0 «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін
қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 8, 71-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесінде:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Қызметтің осы түрлерін ұсынудың технологиялық мүмкін болмауы не экономикалық орынсыздығы себебінен бәсекелес байланыс операторы болмауы шартымен телекоммуникациялар саласында:
1) жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желісіне:
жергілікті деңгейде байланыс операторларының телекоммуникациялар желілерін;
IP-телефония (Интернет-телефония) операторларының жабдықтарын (қолжетімділік тораптарын) қалааралық деңгейде қосу;
2) қосылатын байланыс операторларымен:
қосылатын байланыс операторлардың телекоммуникация желілерінен жергілікті телефондық трафигін;
қосылатын IP-телефония (Интернет-телефония) операторларының жабдықтарынан(-на) (қолжетімділік тораптарынан)(-на) телефондық трафигін өткізу.».