О реализации решения Федоровского районного маслихата от 14 декабря 2006 года № 296 «О районном бюджете Федоровского района на 2007 год»
Қолданыста
Қаулы
№ 4
21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реализации решения Федоровского районного маслихата от 14 декабря 2006 года № 296 «О районном бюджете Федоровского района на 2007 год»
- Атауы (қаз.)
- «Федоров ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Федоров аудандық мәслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 296 шешімін жүзеге асыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 4
- Қабылданған күні
- 15.01.2007
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2007
- Көрсетілген редакция
- 15.01.2007 31938_349634.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.01.2007
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07NT000046
- ЭКБ идентификаторы
- 31938
- Редакция идентификаторы
- 31938_349634
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 16:14
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
«Федоров ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Федоров аудандық мәслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 296 шешімін жүзеге асыру туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 53-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес «Федоров ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Федоров аудандық мәслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 296, мемлекеттік нормативтік құқықтық актілері тізілімде тіркелген нөмірі 9-20-11, шешімін жүзеге асыру мақсатында Федоров ауданының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жергілікті бюджеттен келесі әлеуметтік төлемдер белгіленсін:
1) осы жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген, қайтыс болған жұмыссыздарды және кәмелетке толмаған балаларды жерлеу үшін айлық есептік көрсеткіштің он есе көлемінде әлеуметтік көмек;
2) осы жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген, туберкулезбен ауыратын тұлғаларға, амбулаторлық емделу кезінде есептік көрсеткіштің үш есе көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек;
3) осы жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген, дербес зейнеткерлерге айлық есептік көрсеткіштің бір есе көлемінде ай сайынғы әлеуметтік көмек;
4) осы жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген, мүгедектер күніне 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 1000 (бір мың) теңге көлемінде, Чернобыль атомдық электрстанциясындағы апаттың салдарын жою жұмыстарына байланысты мүгедек болған 1, 2 және 3-топтағы мүгедектер үшін айлық есептік көрсеткіштің жиырма есе көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек;
5) осы жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген, үйде оқытатын мүгедек балаларға, айлық есептік көрсеткіштің екі есе көлемінде ай сайын әлеуметтік көмек;
6) осы жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген, аз қамтылған, жан басына шыққандағы табысы күнкөріс деңгейінең төмен отбасыларына, айлық есептік көрсеткіштің төрт есе көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек;
7) Федоров ауданында тұратын Ұлы Отан соғысы қатысушылар мен мүгедектеріне, коммуналдық қызметті жартылай шығынды өтеу үшін, айлық есептік көрсеткіштің он бірден аспайтын көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек;
8) білім ұйымдары түлектеріне жоғары немесе орта - арнайы оқу орындарында Қазақстанның және орта арнайы оқу орындарында студенттер санынан жастарға нақты көлемінде оқу ақысын төлеу үшін біржолғы әлеуметтік көмек;
9) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды компьютерлік томографпен тексеруге байланысты шығынды өтеу үшін есептік құжаттардың негізінде тексерілудің бағасынан жүз пайыз көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек;
10) тиісті білім бағдарламаларын үлгілі игерген, жергілікті бюджет қаражат есебінен оқуға байланысты шығындары өтелетін күндізгі жоғары немесе орта арнайы оқу орындарындағы аз қамтылған отбасылар студенттерге 10000 теңгеден аспайтын ай сайынғы әлеуметтік көмек.
2. «Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орған болып белгіленсін.
3. Мыналар белгіленсін:
1) әлеуметтік көмек қайтыс болған кезде жұмыспен қамту мәселелері жөнінде уәкілетті органда ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген болса қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеу үшін тағайындалады және қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеу үшін отбасы мүшесіне немесе жерлеуші адамдарға төленеді;
2) әлеуметтік көмек қайтыс болған кәмелетке толмаған баланы жерлеу үшін еңбекке қабілетті әкесі (ұл (қыз) асырап алушысы) баланың қайтыс болған күніне жұмыспен қамту мәселелері жөнінде уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген болса, баланың ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкіліне тағайындалады;