О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 14 сентября 2007 года № 260 "Об утверждении Правил обращения с секретными объектами промышленной собственности, создаваемыми в Республике Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 14 сентября 2007 года № 260 "Об утверждении Правил обращения с секретными объектами промышленной собственности, создаваемыми в Республике Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасында жасалған құпия өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 14 қыркүйектегі № 260 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 142a
- Қабылданған күні
- 23.04.2010
- Көрсетілген редакция
- 24.02.2012 AI52826_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.02.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V100006233_
- ЭКБ идентификаторы
- 52826
- Редакция идентификаторы
- AI52826_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:18
0 "Қазақстан Республикасында жасалған құпия өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 14 қыркүйектегі № 260 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Құпия өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасында жасалған құпия өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 14 қыркүйектегі № 260 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4976 болып тіркелген, 2007 жылғы 16 қарашадағы «Заң газетінде» жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбында және 1-тармақта «объектілерін пайдалану ережесін», «объектілерін пайдалану ережесі» деген сөздер тиісінше «объектілерімен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулығын», «объектілерімен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулығы» деген сөздермен ауыстырылсын:
бұйрықтың орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізілді;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында жасалған құпия өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану ережесінде (бұдан әрі – Ереже):
Ереженің тақырыбы және бүкіл мәтін бойынша «объектілерін пайдалану ережесі», «бұдан әрі - Ереже», «айқындайды», «Ережеде», «Ережелерге», «Ереженің» деген сөздер тиісінше «объектілерімен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулығы», «бұдан әрі - Нұсқаулық», «нақтылайды», «Нұсқаулықта», «Нұсқаулыққа», «Нұсқаулықтың» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Құпия өнеркәсіптік меншік объектісіне қорғау құжатын беруден бас тарту туралы сараптама шешіміне қарсылық сараптама жүргізілген жерде қаралады. Аталған қарсылықтар бойынша қабылданған соңғы шешімдер Патент заңының нормаларына сәйкес шағымдануы мүмкін»;
Ереженің 26-тармағында «тиісті ақы және мемлекеттік баж алынады» деген сөздер «мемлекеттік баж және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті ақы алынады» деген сөздермен ауыстырылсын.