Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 14 декабря 2007 года № 30 «О районном бюджете Узункольского района на 2008 год»

Өзге акт · № 43 · қабылданған 25.01.2008
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2007-no-30-2008-ekb-37373/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 14 декабря 2007 года № 30 «О районном бюджете Узункольского района на 2008 год» Қолданыста 25.01.2008 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 14 декабря 2007 года № 30 «О районном бюджете Узункольского района на 2008 год»

Қолданыста Өзге акт № 43 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 14 декабря 2007 года № 30 «О районном бюджете Узункольского района на 2008 год»
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 30 «Ұзынкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
43
Қабылданған күні
25.01.2008
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2008
Көрсетілген редакция
25.01.2008 37373_357293.kaz
Соңғы өзгеріс
25.01.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08NS000065
ЭКБ идентификаторы
37373
Редакция идентификаторы
37373_357293
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:09
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Мәслихаттың 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 30 «Ұзынкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ұзынкөл ауданы әкімдігінің қаулысын қарастырып, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Кодексінің 116-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Мәслихаттың 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 30 «Ұзынкол ауданының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» (2007 жылғы 25 желтоқсандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-19-62, 2008 жылғы 24 қаңтардағы № 4 «Нұрлы жол») , шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

осы шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Ұзынкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті мынадай көлемдерде 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін:
1) кірістер - 877 840,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 216 571,0 мың теңге;
салыққа жатпайтын түсімдер - 388,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 222,0 мың теңге;
алынған трансферттер - 660 659,0 мың теңге, оның ішінде, облыстық бюджеттен алынған субвенциялар - 607 193,0 мың теңге;
2) шығындар - 909 561,0 мың теңге,
3) операциялық сальдо - -31 721,0 мың теңге;
4) бюджеттің тапшылығы (профицит) - -31 721,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 31 721,0 мың теңге, оның ішінде бос бюджеттік қаражаттар есебінен - 31 721,0 мың теңге.»;
шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын;
Осы шешім мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2, 2-3, 2-4-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. 2008 жылға арналған аудандық бюджетте ең төмеңгі күнкөріс мөлшерінің өсуіне байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті және 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны төлеуге республикалық бюджеттен 8 846,0 мың теңге сомасында нысаналы ағымдағы трансферттер түсімі ескерілсін, оның ішінде:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге - 1 060,0 мың теңге;
тұрмысы төмен отбасыдағы 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақыны төлеуге - 7 786,0 мың теңге.
2-2. 2008 жылға арналған аудандық бюджетте Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 14 649,0 мың теңге сомасында республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің түсімі ескерілсін, оның ішінде:
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік мекемелері үшін лингафондық және мультимедиялық кабинеттер жасауға - -5 548,0 мың теңге;
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жүйесінде интерактивтік оқыту жүйесін енгізу - 9 101,0 мың теңге.
2-3. 2008 жылға арналған аудандық бюджетте мемлекеттік қызметшілерді компьютерлік сауаттылыққа оқытуға республикалық бюджеттен 598,0 мың теңге сомасында дамытуға арналған нысаналы трансферттер сомаларының түсімі ескерілсін.
2-4. 2008 жылға арналған аудандық бюджетте электронды үкімет шеңберінде адами капиталын дамытуға республикалық бюджеттен 3 373,0 мың теңге сомасында дамытуға арналған нысаналы трансферттер сомаларының түсімі ескерілсін.»;
көрсетілген шешімнің 4-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«4. 2008 жылға арналған Ұзынкөл ауданы жергілікті атқарушы органының резерві 33 799,9 мың теңге сомасында бекітілсін.».

2. Осы шешім 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.