Құжат мәтініне өту

О реализации решения Узункольского районного маслихата от 14 декабря 2007 года № 30 «О районном бюджете Узункольского района на 2008 год»

Қаулы · № 34 · қабылданған 30.01.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2007-no-30-2008-ekb-38270/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О реализации решения Узункольского районного маслихата от 14 декабря 2007 года № 30 «О районном бюджете Узункольского района на 2008 год» Күшін жойған Қаулы ·№ 34 ·30.01.2008
30.01.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О реализации решения Узункольского районного маслихата от 14 декабря 2007 года № 30 «О районном бюджете Узункольского района на 2008 год»

Күшін жойған Қаулы ·№ 34 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реализации решения Узункольского районного маслихата от 14 декабря 2007 года № 30 «О районном бюджете Узункольского района на 2008 год»
Атауы (қаз.)
«Ұзынкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 30 шешімін іске асыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
34
Қабылданған күні
30.01.2008
Көрсетілген редакция
30.01.2008 38270_351826.kaz
Соңғы өзгеріс
30.01.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08NS000069
ЭКБ идентификаторы
38270
Редакция идентификаторы
38270_351826
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:06

0 «Ұзынкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 30 шешімін іске асыру туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 53-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағына, «Ұзынкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2007 жылғы 25 желтоқсандағы 9-19-62, «Нұрлы жол» 2008 жылғы 24 қаңтардағы № 4) Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 30 шешіміне сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» атты бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында жергілікті бюджеттен мынадай әлеуметтік төлемдер белгіленсін:

1 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің қырық пайыз көлемінде тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған әлеуметтік көмек;

2 2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қайтыс болған жауынгерлердің жесірлеріне бес тонна көмір, үш текше метр ағаш, қырық бес киловатт сағат электроэнергиясы көлемінде коммуналдық қызмет шығындарын жартылай кайтаруға арналған әлеуметтік көмек;

3 3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне мерзімді баспасөз жазылысына, телефон орнатуға арналған әлеуметтік көмек;

4 4) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 63-жылдығын мерекелеуге байланысты Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін:

Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен;
«Ленинград блокадасының тұрғыны» белгісімен марапатталған тұлғаларға;
басқа мемлекеттер аумағындағы соғыс әрекеттеріне қатысушыларға;
концентрациондық лагерлердің жасы кәмілетке толмаған тұтқындарына;
Ұлы Отан соғысының кезіндегі жалданбалы құрамның тұлғаларына;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, некеге қайта тұрмаған жауынгерлердің жесірлеріне;

5 5) әлеуметтік көмек «Қарттар күніне», «Мүгедектер күніне», мерей той қатысушыларына және Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне;

6 6) республикалық және жергілікті маңыздағы дербес зейнеткерлерге және еңбегі сіңген жұмысшы атағы бар зейнеткерлерге жылына отыз мың теңге соммасындағы біржолғы әлеуметтік көмек;

7 7) осы жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген, қайтыс болған жұмыссыздарды және кәмілетке толмаған балаларды жерлеу үшін айлық есептік көрсеткіштің он есе көлемінде әлеуметтік көмек;

8 8) мүгедек балаларды компьютерлік томографпен тексеруге байланысты шығынды өтеу үшін есептік құжаттардың негізінде тексерілудің бағасынан жүз пайыз көлемінде әлеуметтік көмек;

9 9) осы жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген, үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға, оку жылы мезгіліне ай сайын айлық есептік көрсеткіштің алты есе көлемінде әлеуметтік көмек;

10 10) осы жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген, туберкулезбен ауыратын азаматтарға амбулаториялық емделу кезеңінде қосымша тамақтануға арналған айлық есептік көрсеткіштің бес есе көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек;

11

11) біржолғы әлеуметтік көмек жалпы білім беретін мектеп түлектеріне Қазақстан Республикасының жоғары және арнайы орта оқу орындарында білім алу үшін қаржы төлеуіне байланысты, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың және ата-анасының қамқорлығынан айрылған, бала жасынан мүгедектерге, дарынды балаларға осы жоғары және арнайы орта оқу орындарының нақты оқу бағасына сәйкес бөлінген жергілікті бюджет каржысынан көрсетіледі;

12 12) осы жоғары медициналық оқу орнындағы нақты оқу бағасының көлемінде және жергілікті бюджет бөлген қаржы шамасында Қазақстан Республикасының жоғары медициналық оқу орындарында оқуларына төлеуге арналған біржолғы әлеуметтік көмек;

13 13) мүгедекті оңалтудың дербес бағдарламасына сәйкес санаторийлерге және реабилитация орталықтарына жіберілген мүгедектерге Қостанай облысының аумағы бойынша жол жүру акысына біржолғы әлеуметтік көмек.

2 2. «Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-уәкілетті орган) әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып белгіленсін.

3 3. Мыналар белгіленсін:

1

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктеріне және коммуналдық кызметіне ай сайын берілетін әлеуметтік көмек арыз берген айдан бастап тағайындалады және арыз берген адамның қайтыс болуына немесе Ұзынкөл ауданының аумағынан көшіп кетуіне байланысты тоқтатылады. Аталған оқиғалардың болған айынан кейін келесі айда төлеу тоқтатылады;

2 2) әлеуметтік көмек тағайындау немесе тағайындаудан одан бас тарту туралы шешімді құжаттар қабылданған күннен бастап он күн ішінде уәкілетті орган қабылдайды;

3 3) әлеуметтік көмек жасы кәмілетке толмаған балаларды жерлеу үшін еңбекке жарамды әкесі (ұл (қыз) асырап алушысы) баланың қайтыс болған күні жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген болса, ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкіліне тағайындалады;

4 4) әлеуметтік көмек қайтыс болған кезде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген, қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеу үшін тағайындалады;

5 5) әлеуметтік көмек қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеу үшін, қайтыс болған адаммен қайтқан күні бірге тұрган отбасы мүшелеріне немесе жерлеуші адамдарға төленеді;

6 6) әлеуметтік көмек мүгедек-балаларды компьютерлік томографпен қарауға байланысты шығынды өтеу үшін отбасының табысына қарамастан мүгедек-баланың ата-аңасына немесе өзге заңды өкіліне тағайындалады және төленеді;

7 7) әлеуметтік көмек мүгедек балаларға, тәрбиеленетіндер мен үйде оқитындарға, отбасының табысына қарамастан мүгедек баланың ата - анасына немесе өзге заңды өкіліне тағайындалады және төленеді;

8 8) әлеуметтік көмек білім беру орындарының түлектерінің, сонымен қатар студенттер санынан алынған жастардың аз қамтылған, көп балалы отбасының, ата-анасының қамқорынсыз қалған, бала жасынан мүгедек болған балаларға тағайындалады;

9

9) жыл сайынғы біржолғы әлеуметтік көмек бірынғай ұлттық тестіден өткен, республикалық гранттан өтпеген жалпы білім беретін мектептер түлектеріне медициналық жоғарғы білім мекемелерінің студенттері қатарына кіргізу үшін тағайындалады. Оқуға қаражаттар бөлу «Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қолдаухатына және ұсынысына сәйкес, өтініш беру кезегіне сай, жергілікті бюджет бөлген қаражаттар шегінде жүргізіледі;

10 10) әлеуметтік көмек туберкулезбен ауыратын азаматтарға «Ұзынкөл орталық аудандық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны берген өтініш берушінің емханада емделгендігін растайтын анықтаманы берген кезде тағайындалады;

11 11) әлеуметтік көмек төлеу уәкілетті орган берген тізімдерге сәйкес банктік операциялардың тиісті түрлерін жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттык банкінің лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер немесе ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек алушының есеп шотына ақшалай қаражат аударумен жүзеге асырылады.

4 4. Уәкілетті орган әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізімдемесін бекітсін.

5 5. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру «Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізілсін.

6 6. Қаулының орындалуына бақылау жасау Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары М. В. Слесарьға жүктелсін.

7

7. «Ұзынкөл ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2007 жылғы 2 мамырдағы № 9-19-45, «Нұрлы жол» 2007 жылғы 19 шілдедегі №29) «Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы №295 шешімін жүзеге асыру туралы» Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 9 сәуірдегі № 61 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

8 8. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

33 Қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмекті тағайындауға қажетті құжаттар тізбесі

Ұзынкөл ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 30 қаңтардағы
№ 34 қаулысына
қосымша
Қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмекті тағайындауға қажетті құжаттар тізбесі

1 1. Белгіленген үлгідегі өтініші.

2 2. Қайтыс болуы туралы куәлігі (түпнұсқасы, көшірмесі).

3 3. Баланың туу туралы куәлігі (түпнұсқа, көшірмесі).

4 4. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның әкесін (асырап алушысын, қорғаншысын, қамқоршысын) жұмыссыз есебінде тіркеу туралы анықтамасы.

5 5. Ата-анасының, асырап алушының, қорғаншынын, қамқоршының жеке басын куәландыратын құжаты (түпнұсқасы, көшірмесі), сондай - ақ:

асырап алушы баланы асырап алу туралы шешімді тапсырады (түпнұсқасы, көшірмесі) қорғаншылар (қорғаншылар) қорғаншылық (қамқоршылық) куәлігін береді, болмаса қорғаншылық және қамқоршылық органдарының балаға қамқоршы (корғаншы) тағайындау туралы шешімін тапсырады (түпнұсқасы, көшірмесі).

6 6. Қайтыс болған баланың анасының жеке басын куәландыратын құжаты (түпнұсқасы, көшірмесі).

7 7. Мүгедектер үшін -дәрігерлік әлеуметтік сараптама комиссиясының мүгедектік тобын белгілеу туралы анықтамасы (түпнұсқасы, көшірмесі).

8 Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмекті тағайындауға қажетті құжаттар тізбесі

8. 3ейнеткерлер үшін - зейнетақы куәлігі (түпнұсқасы, көшірмесі).
Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмекті тағайындауға қажетті құжаттар тізбесі

1 1. Белгіленген үлгідегі өтініші.

2 2. Қайтыс болу туралы куәлігі (түпнұсқасы, көшірмесі).

3 3. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның қайтыс болған адамның жұмыссыз ретінде тіркелгенін растайтын анықтамасы.

4 4. Қайтыс болған жұмыссыздың жеке басын куәландыратын құжаты (түпнұсқасы, көшірмесі).

5 Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек -балаларға әлеуметтік көмекті тағайындауға қажетгі құжаттар тізбесі

5. Әлеуметтік көмекті алуға құқылы тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаты (түпнұсқасы, көшірмесі), сондай - ақ:
егер жерлеу отбасы мүшелерінің тұрғысынан іске асырылған болса, өтініш иесі туыстық қатынастарды растайтын дерек ретінде құжатты табыс етеді (түпнұсқасы, көшірмесі),
егер жерлеу отбасы мүшелерінің емес, басқа біреудің тұрғысынан іске асырылған болса, өтініш иесі жол-жора қызметтерін көрсететін мекемеден алынған құжатты (түпнұскасы, көшірмесі) немесе жерлеудің іске асырылғандығын растайтын селолық округ, село әкімі аппаратынан алынған анықтамасын ұсынады.
Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек -балаларға әлеуметтік көмекті тағайындауға қажетгі құжаттар тізбесі

1 1. Белгіленген үлгідегі өтініші.

2 2. Өтініш беруші тұңғыш рет өтініш білдірген уақытта, мына құжаттарды ұсынады:

баланың туу туралы куәлігі (16 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға), жеке бас куәлігінің көшірмесі (16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек-балалар үшін) (түпнұсқасы, көшірмесі);
тұрғылықты жерінен отбасы құрамы туралы анықтама;
білім Департаментіне қарасты облыстық психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық комиссияның мүгедек-баланы үйде оқытып, тәрбиелеу қажеттігі туралы берген анықтамасы (түпнұсқасы, көшірмесі);
мүгедек-баланың ата-анасының, асырап алушысының, қамқоршысының, қорғаншысының, басқа да заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (түпнұсқасы, көшірмесі);
асырап алушы, қамқоршы, қорғаншы мәртебесінің бар екендігін растайтын құжаты (түпнұсқасы, көшірмесі);
дәрігерлік-әлеуметтік сараптама комиссиясының анықтамасы (түпнұсқасы, көшірмесі);
мүгедек-баланың үйде тәрбиеленіп және оқып жатқандығын растайтын, мектеп директоры қол қойып, мөр басып куәландырылған анықтамасы.

3 Білім беру орындарының түлектеріне, сонымен қатар студенттер санынан жастарға әлеуметтік көмекті тағайындауда қажетті құжаттар тізбесі

3. Осы оқу жылының ішінде бірнеше рет өтінілген жағдайда өтініш иесі уәкілетті органға келесі құжаттарды тапсырады:
тұрғылықты жерінен отбасы құрамы туралы анықтама;
мүгедек-баланың үйде тәрбиеленіп және оқып жатқандығын растайтын, мектеп директоры қол қойып, мөр басылып куәландырылған анықтамасы.
Білім беру орындарының түлектеріне, сонымен қатар студенттер санынан жастарға әлеуметтік көмекті тағайындауда қажетті құжаттар тізбесі

1 1. Белгіленген үлгідегі өтініші.

2 2. Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаты (түпнұсқасы, көшірмесі).

3 3. Отбасы жағдайы туралы анықтамасы.

4 4. Аз қамтылған азаматтар үшін-отбасы мүшелерінің табыстарының бар болуы немесе жоқ екендігін растайтын құжаттары.

5 5. Оқу орнынан алынған анықтамасы.

6 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды компьютерлік томографпен тексеруге байланысты шығынды өтеуге арналған әлеуметтік көмекті тағайындауға қажетті құжаттар тізбесі

6. Жоғары немесе орта - арнайы кәсіптік білімді маманды даярлау туралы оқу орнымен жасасқан шарт және берілетін жеңілдіктер туралы оқу орнының бұйрығы.
18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды компьютерлік томографпен тексеруге байланысты шығынды өтеуге арналған әлеуметтік көмекті тағайындауға қажетті құжаттар тізбесі

1 1. Белгіленген үлгідегі өтініші.

2 Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға тұрмыстық қажеттіліктеріне, мерзімді баспасөз жазылысына, телефон орнатуға материалдық көмекті тағайындауға қажетті құжаттар тізбесі

2. Өтініш беруші түңғыш рет өтініш білдірген уақытта, мына құжаттарды ұсынады:
баланың туу туралы куәлігі (16 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға), жеке бас куәлігінің көшірмесі (16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек-балалар үшін) (түпнұсқасы, көшірмесі);
тұрғылықты жерінен отбасы құрамы туралы анықтама;
мұгедектік тобын белгілеу туралы дәрігерлік-әлеуметтік сараптама комиссиясының анықтамасы.
Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға тұрмыстық қажеттіліктеріне, мерзімді баспасөз жазылысына, телефон орнатуға материалдық көмекті тағайындауға қажетті құжаттар тізбесі

1 1. Белгіленген үлгідегі өтініші.

2 2. Ұлы отан соғысының қатысушының немесе мүгедегі куәлігінің көшірмесі.

3 Республикалық және жергілікті бағыттағы дербес зейнеткерлерге және еңбегі сіңген қызметкер атағы бар зейнеткерлерге біржолғы әлеуметтік көмек тағайындауға қажетті құжаттар тізбесі

3. Жеке басының куәлігі.
Республикалық және жергілікті бағыттағы дербес зейнеткерлерге және еңбегі сіңген қызметкер атағы бар зейнеткерлерге біржолғы әлеуметтік көмек тағайындауға қажетті құжаттар тізбесі

1 1. Белгіленген үлгідегі өтініші.

2 2. Өтініш берушіні куәләндыратын құжат (түпнұсқасы, көшірмесі).

3 3. Өтініш берушінің салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) (түпнұсқасы, көшірмесі).

4 Туберкулезбен ауыратын азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындауға қажетті құжаттар тізбесі

4. Республикалық және жергілікті бағыттағы дербес зейнеткерлерге және еңбегі сіңген қызметкер атағы бар зейнеткер мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі.
Туберкулезбен ауыратын азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындауға қажетті құжаттар тізбесі

1 1. Белгіленген үлгідегі өтініші.

2 2. Өтініш берушіні куәләндыратын құжат (түпнұсқасы, көшірмесі).

3 3. Өтініш берушінің салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) (түпнұсқасы, көшірмесі).

4 4. Өтініш берушінің әлеуметтік жеке коды (ӘЖК) (түпнұсқасы, көшірмесі).

5 Білім беру мекемелерінің түлектеріне, медициналық оқу орнының студенттеріне әлеуметтік көмек тағайындауға қажетті құжаттар тізбесі

5. Өтініш берушінің емханада емделгендігін растайтын медициналық мекеменің анықтамасы.
Білім беру мекемелерінің түлектеріне, медициналық оқу орнының студенттеріне әлеуметтік көмек тағайындауға қажетті құжаттар тізбесі

1 1. Белгіленген үлгідегі өтініші.

2 2. Өтініш берушіні куәләндыратын құжат (түпнұсқасы, көшірмесі)

3 3. Өтініш берушінің салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) (түпнұсқасы, көшірмесі).

4 4. Өтініш берушінің әлеуметтік жеке коды (ӘЖК) (түпнұсқасы, көшірмесі).

5 5. Оқу орнынан алынған анықтама.

6 6. Жоғары медициналық білімді маманды дайындау және студентті қабылдау туралы оқу орнының бұйрығы.

7 Санаторийлерге және реабилитация орталықтарына жіберілген мүгедектерге Қостанай облысының аумағы бойынша жол жүру ақысына әлеуметтік көмек тағайыңдауға қажетті құжаттар тізбесі

7. «Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қолдау хаты мен ұсынысы.
Санаторийлерге және реабилитация орталықтарына жіберілген мүгедектерге Қостанай облысының аумағы бойынша жол жүру ақысына әлеуметтік көмек тағайыңдауға қажетті құжаттар тізбесі

1 1. Белгіленген үлгідегі өтініші.

2 2. Өтініш берушіні куәләндыратын құжат (түпнұсқасы, көшірмесі).

3 3. Өтініш берушінің салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) (түпнұсқасы, көшірмесі).

4 4. Өтініш берушінің әлеуметтік жеке коды (ӘЖК) (түпнұсқасы, көшірмесі).

5 5. Өтініш берушінің мүгедектігі туралы анықтама (түпнұсқасы, көшірмесі).

6 6. Оңалтудың жеке бағдарламасының көшірмесі.

7 7. Жол жүру құжаттарының түпнұсқалары.

Қолданыстағы