Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 14 декабря 2007 года № 30 «О районном бюджете Узункольского района на 2008 год»

Өзге акт · № 78 · қабылданған 16.07.2008
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2007-no-30-2008-ekb-40883/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 14 декабря 2007 года № 30 «О районном бюджете Узункольского района на 2008 год» Қолданыста 16.07.2008 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 14 декабря 2007 года № 30 «О районном бюджете Узункольского района на 2008 год»

Қолданыста Өзге акт № 78 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 14 декабря 2007 года № 30 «О районном бюджете Узункольского района на 2008 год»
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 30 «¥зынкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
78
Қабылданған күні
16.07.2008
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2008
Көрсетілген редакция
16.07.2008 40883_354323.kaz
Соңғы өзгеріс
16.07.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08NS000079
ЭКБ идентификаторы
40883
Редакция идентификаторы
40883_354323
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:05
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.07.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Мәслихаттың 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 30 «¥зынкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ұзынкөл ауданы әкімдігінің қаулысын қарастырып, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасыньш бюджет кодексі» Кодексінің 116-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Мәслихаттың 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 30 «Ұзынкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» (2007 жылғы 25 желтоқсандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-19-62, 2008 жылғы 24 қаңтардағы № 4 «Нұрлы жол»), шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін, «Мәслихаттың 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 30 «¥зынкол ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістср мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 43 (2008 жылғы 30 қаңтардағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-19-65, 2008 жылғы 1 мамырдағы № 18 «Нұрлы жол»); «Мәслихатгың 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 30 «¥зынкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 57 (2008 жылғы 5 мамырдағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-19-74, 2008 жылғы 10 шілдедегі № 28 «Нұрлы жол») шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакңияда баяндалсын:
«1. ¥зынкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті мынадай көлемдерде 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін:
1) кірістер - 949 280,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 275 096,0 мың теңге;
салыққа жатпайтын түсімдер - 388,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 697,0 мың теңге;
алынған трансферттер - 672 099,0 мың теңге, оның ішінде, облыстық бюджеттен алынған субвенциялар - 607 193,0 мың теңге;
2) шығындар - 981 001,7 мың теңге;
3) операциялық сальдо - -31 721,7 мың теңге;
4) бюджеттің тапшылығы (профицит) - -31 721,7 мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 721,7 мың теңге, оның ішінде бос бюджеттік қаражаттар есебінен - 721,7 мың теңге.»;
шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын;
көрсетілген шешімнің 2-2-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«2-2. 2008 жылға арналған аудандық бюджетте Казақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 13 263,0 мың теңгс сомасында республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің түсімі ескерілсін, оның ішінде:
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік мекемелері үшін лингафондық және мультимедиялық кабинеттер жасауға - 548,0 мың теңге;
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жүйесінде интерактивтік оқыту жүйесін енгізу - 7 715,0 мың теңге.»;
көрсетілген шешім келесі мазмұндағы 2-5-пунктімен толықтырылсын:
«2-5. 2008 жылға арналған аудандық бюджетте ең төменгі жалақы мөлшерінің ұлғаюына байланысты, өтем ақының жетіспеушілігіне 5 454 мың теңге сомасында, республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер сомаларының түсімі ескерілсін.»;
көрсетілген шешім мынадай мазмұндағы 3-тармағының 4) тармақшасымен толықтырылсын:
«4) аз қамтылған отбасылардың мектеп түлектеріне жоғарғы оқу орындарында оқуға материалдық көмекке арналған 372,0 мың теңге сомасында облыстық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер.»;
көрсетілген шешім мына мазмұндағы 5-1-тармағымен толықтырылсын:
«5-1. 2008 жылға арналған аудандық бюджетте алынған бюджеттік несие бойынша қарызды өтеуіне байланысты, 1998-1999 жылдары облыстық бюджеттен төлем ақы қарызын өтеу үшін 20 000,0 мың теңге сомасында ескерілсін.».

2. Осы шешім 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.