Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 мая 2007 года № 381

Қаулы · № 544 · қабылданған 09.06.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2007-no-381/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 мая 2007 года № 381 Күшін жойған Қаулы ·№ 544 ·09.06.2010
25.04.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 мая 2007 года № 381

Күшін жойған Қаулы ·№ 544 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 мая 2007 года № 381
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 мамырдағы № 381 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
544
Қабылданған күні
09.06.2010
Көрсетілген редакция
25.04.2015 AI52994_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.04.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100000544_
ЭКБ идентификаторы
52994
Редакция идентификаторы
AI52994_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:01

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 мамырдағы № 381 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Тұқым шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттерден атаулы субсидия беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан,Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 мамырдағы № 381 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 14, 170-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Тұқым шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттерден атаулы субсидия беру ережесінде:
2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Мақта тұқымын сатып алуға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің шығындарын ішінара өтеу және/немесе тұқым шаруашылықтарының мақта тұқымын арзандатылған бағамен сатуы кезінде 1 тоннаға субсидия мөлшері тұқымды өңдеу технологиясына (механикалық және/немесе химиялық тазарту әдісіне) байланысты белгіленеді.»;
7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Мақта тұқымын сатып алуға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің шығындарын ішінара өтеу кезінде 1 тоннаға субсидия мөлшері тұқымды өңдеу технологиясына (механикалық және/немесе химиялық тазарту әдісіне) байланысты айқындалады.»;
8-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Химиялық әдіспен тазартылған мақта тұқымын сатып алған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер субсидия алу үшін қосымша мақта тұқымын химиялық әдіспен өңдеуге шарттардың көшірмелерін және химиялық әдіспен тазарту бойынша орындалған жұмыстардың актісін тапсырады.»;
14-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Тұқым шаруашылықтарының мақта тұқымын арзандатылған бағамен сатуы кезінде 1 тоннаға субсидия мөлшері тұқымды өңдеу технологиясына (механикалық және/немесе химиялық тазарту әдісіне) байланысты айқындалады.»;
15-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Химиялық әдіспен тазартылған мақта тұқымын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арзандатылған бағамен сатқан тұқым шаруашылықтары субсидия алу үшін қосымша мақта тұқымын химиялық әдіспен өңдеуге шарттардың көшірмелерін және химиялық әдіспен тазарту бойынша орындалған жұмыстардың актісін тапсырады.».

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы