Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение от 14 декабря 2007 года № 41 «О бюджете Житикаринского района на 2008 год»

Өзге акт · № 80 · қабылданған 28.04.2008
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2007-no-41-2008/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение от 14 декабря 2007 года № 41 «О бюджете Житикаринского района на 2008 год» Қолданыста 28.04.2008 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнения в решение от 14 декабря 2007 года № 41 «О бюджете Житикаринского района на 2008 год»

Қолданыста Өзге акт № 80 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение от 14 декабря 2007 года № 41 «О бюджете Житикаринского района на 2008 год»
Атауы (қаз.)
«2008 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 41 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
80
Қабылданған күні
28.04.2008
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2008
Көрсетілген редакция
28.04.2008 39335_350476.kaz
Соңғы өзгеріс
28.04.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08NJ000096
ЭКБ идентификаторы
39335
Редакция идентификаторы
39335_350476
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:31
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

«2008 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 41 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жітіқара ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, Қазақстан Республикасы бюджеттік кодексінің 116 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1.«2008 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 41 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізілсін (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-84, «Житикаринские новости» газетінде 2008 жылғы 3 қаңтарда жарияланған, бұрын: «2008 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 41 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 47 шешімімен, № 5 «Житикаринские новости» газетінде 2008 жылғы 1 ақпанда жарияланған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген):
Көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2008 жылға арналған аудандық бюджет 1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 1 955 070 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 943 603 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 3 740 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 5 500 мың теңге; алынған трансферттер бойынша - 1 002 227 мың теңге, оның ішінде нысаналы ағымдағы трансферттер - 102 476 мың теңге, дамытуға арналған нысаналы трансферттер - 210 870 мың теңге;
2) шығындар - 2 006 052,3 мың теңге;
3) операциялық сальдо (теріс) - 50982,3 мың теңге;
4) тапшылық - 50982,3 мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 50982,3 мың теңге, оның ішінде бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен - 50982,3 мың теңге».
Көрсетілген шешімнің 4 тармағы мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) 10 055 мың теңге - олимпиадалық және ат спорты түрлері бойынша «Целина - 2008» Қостанай облысы XXIII Спартакиадасының финал жарыстарын өткізуге.»
Көрсетілген шешімнің 5 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«5. 2008 жылға арналған Жітіқара аудандық әкімдігінің резерві, 8 878 мың теңге сомасына, оның ішінде 6878 мың теңге сомасына шұғыл шығындар резерві және 2000 мың теңге сомасына сот шешімдері бойынша міндеттерді атқару резерві бекітілсін»;
Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.