О внесении изменений в постановление акимата Карабалыкского района от 14 августа 2008 года № 212 "Об оказании материальной помощи, семьям, имеющим детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Карабалыкского района от 14 августа 2008 года № 212 "Об оказании материальной помощи, семьям, имеющим детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому"
- Атауы (қаз.)
- Қарабалық ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 14 тамыздағы № 212 "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына материалдық көмек көрсету туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 15
- Қабылданған күні
- 19.01.2009
- Көрсетілген редакция
- 02.04.2013 AI44043_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.04.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09NL000090
- ЭКБ идентификаторы
- 44043
- Редакция идентификаторы
- AI44043_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:00
0 Қарабалық ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 14 тамыздағы № 212 "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына материалдық көмек көрсету туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39-ІІІ "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңы 29 бабының 7-тармағына, Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 128 "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру үшін құжаттарды рәсімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету Стандартын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 14 тамыздағы № 212 "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына материалдық көмек көрсету туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік реестірінде 2008 жылғы 12 қырқүйекте № 9-12-82 болып тіркелген, 2008 жылғы 18 қырқүйекте № 38 "Айна" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
преамбулада:
"Қарабалық аудандық мәслихатының 2008 жылғы 18 шілдедегі № 90 "Қарабалық аудандық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 24 "2008 жылға арналған Қарабалық ауданының аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» шешіміне" сөздері алынып тасталсын;
1-тармақта:
"алты есе" сөздері "сегіз есе" сөздеріне ауыстырылсын.